Menu

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Рабиға Сыздықова 1924 жылы Ақтөбе облысының Ойыл қалашығында дүниеге келді. Орта мектептен кейін облыстың Темір қаласындағы педучилищені бітіріп, сол қаладағы мектептің және өзі білім алған училищенің оқытушысы болды.


1945 жылы Ақтөбе қаласындағы 6 мектептің оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет жасады және осы жылы "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін" медалімен наградталды.
1945 - 1947 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогика институтының студенті болып, кейіннен осы институттың аспирантурасын бітірді.
1957 - 1961 жылдары Қаз ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері болды.
1959 жылы "Абай қарасөздерінің негізгі морфологиялық ерекшеліктері" деген тақырыпта кандидаттық, ал 1971 жылы "Абай шығармаларының тілі" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1979 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды.
1980 жылдан бері ҚР ҰҒА Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі. 
Ғалым тіл мәдениеті жөнінде көптеген оқу орындарында дәріс беріп, Республикалық, халықаралық конференциялар мен симпозиумдарда зерттеулері бойынша баяндамалар жасады. Қ.Жұбанов, М.Әуезов, Жамбыл, Х.Досмұхамедов және т.б. зиялы қауым өкілдері, Шал ақын Құлекеұлы, Ахмет Ясауи, Қадырғали би Қосымұлы шежіресінің тілін зерттеуде көп еңбек жасады, аталған тақырыптарда баяндамалар оқылды. Сонымен бірге өз замандастары жайлы да көптеген мақалалар жариялады. Республикалық көптеген журналдардың және Қазақ ССР Ғылым академиясының Редакция және баспа жөніндегі кеңесінің (РИСО) мүшесі болды. "Қазақ әдеби тілінің тарихы" атты монографиясы үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты атағы берілді. Ғалым еңбегі жоғары бағаланып өкімет тарапынан көптеген наградалар мен алғыс хаттар алды. 2019 жылдың 29 тамызы күні Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Рабиға Сыздықованың 95 жасқа толу құрметіне 1 дәрежелі "Барыс" орденін тапсырды."Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасы ғалымның мерейлі мерекесіне арнап ғылыми еңбектерінің көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден көп томдық шығармалар жинағының жарық көрген 14 томы, жеке монографиялары, мерзімді басылымдарда жарық көрген еңбектері және замандастары мен шәкірттерінің ғалым туралы жазылған мақалалары қойылды.

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo