Menu

Көрнекті ғалым, елімізге еңбек сіңірген дәрігер, Қазақстанның Өлкелік патология институтының негізін салушы әрі үздіксіз басшысы болған ҰҒА академигі, соғыс ардагері, еліміздің шынайы патриот-азаматы Бахия Атшабарұлы Атшабаровтың туылғанына 100 жыл.

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабаров 1919 ж. 1 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарақұс ауылында дүниеге келген.

Атшабаров Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты. Бахия 200 ғылыми еңбектің, оның ішінде 11 монография мен 7 авторлық куәліктің иегері. Оның жетекшілігімен 15 докторлық, 35 кандидаттық диссертация қорғалған. Еңбек Қызыл Ту, Қазан революциясы, 2 рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.

30 жылдан аса Кеңес Одағының негізгі ғылыми медициналық орталығы – Аймақтық патология институтын басқарған Бахия Атшабаров туған халқына ерен еңбегімен танымал. Ол 1957 – 1959 жылдары Семей полигонында зерттеу жүргізіп, ядролық бомбалар сынағының еш зияны жоқ деген нәтижені алғаш болып жоққа шығарды. Ал, Семей полигоны аймағында анықтаған «Қайнар синдромы» патологиясы әлемдік медицинаға жаңа ауру түрі ретінде енді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Ұлттық  Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері,  медицина ғылымдарының докторы, профессор Бахия Атшабарұлы Атшабаровқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығы, алған марапаттары туралы мәліметтер, мерзімді басылым беттерінде жарияланған ғылыми еңбектері мен мақалалары және оның редакциясымен шыққан әдебиеттер қойылды.

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo