Menu

Ата заңымыз – Елбасы ұсынып, халық қолдаған, елімізді биік белестерге шығарған тарихи маңызы аса зор құжат.

Егеменді ел Қазақстанда 1995 ж. 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы Конституция қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін ерекше оқиға еді. Халқымыз бірауыздан қабылдаған Конституциямыздың арқасында ұланғайыр өзгерістер болуда. Ата заңымыз тәуелсіздігімізді баянды етті. Дүниедегі ең мықты елдердің қатарына қосылдық. Конституция  Қазақстанның жүйелі түрде қалыпты дамуына жол салып берді. Халықтардың өмір сүру деңгейінің артуы, бейбітшілік пен ынтымақтың орнығуы еліміздің әрбір азаматының ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты.

 

Бүгінгі таңда Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістер Конституциямыздың уақыт сынынан сүрінбей өткенін дәлелдеп отыр.

Конституция – мемлекетіміздің Ата заңы. Ал барлық заңдар мен ережелер Конституцияға бағынуы тиіс. Конституцияда мемлекетіміздің құрылысы қандай болуы тиіс екендігі жазылған және Қазақстанда тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері анықталған.

Барлық азаматтар конституцияны сақтауға тиіс! Ата Заңымызға құрмет белгісі ретінде «Конституция» сөзі бас әріппен жазылады. 

Атаулы күнге орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханада «30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы, егеменді еліміздің Ата Заңы Конституция туралы, қабылдануы тағы басқа да әдебиеттермен таныса аласыздар.

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің ұлық мерекелерінің бірі болып саналатын Конституция күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo