2017 жылы 14 ақпанда «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кеңесбаев Ісмет Кеңесбайұлының туғанына 110 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

І. Кеңесбаев – қазақ тіл білімінің негізін қалаушылардың бірі, аса көрнекті түркітанушы. Қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясыменэтимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Кеңесбаевтың есімімен байланысты. Қазақ мектептерінің бірнеше толқын түлектері Кеңесбаев жазған оқулықтармен сауат ашты, ана тілінің ғылыми жүйесімен танысты. Ғалымның қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясын талдаған ғылыми монографиялары жоғары оқу орындарында негізгі оқулықтардың бірі ретінде күні бүгінге дейін қолданылуда.

Қойылған көрмеден ғалымның монографиялары, ғылыми еңбектері және ғалым туралы жазылған материалдармен танысуға болады.

 

                  

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo