2016 жылдың 9 желтоқсаны күні Қаныш Сәтбаевтың мемориалдық музейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі Ұлы Дала елінің тарихы, қазақ хандығы дәуірі, қазақ жеріндегі көтерілістер туралы тарихи кезеңдерінен басталып, еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі ел дамуының экономика, саясат, ғылым мен білім, спорт және т.б. жетістіктері, дипломатиялық қарым-қатынастары туралы баяндайтын әдебиеттермен жалғасты.
Кітап көрмесінің «Тәуелсіздік осылай басталған» атты бөлімі Желтоқсан көтерілісіне арналды.
Сонымен қатар қазақ халқының біртуар ұлдары – Шоқан Уалиханов пен Қаныш Сәтбаевқа арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қос ғалымның өмір жолдары, еліміздің дамуына қосқан зерттеулері, ғылыми еңбектері және Шоқантанушы, Сәтбаевтанушы ғалымдардың көптеген еңбектері қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы