Menu

Адамзат баласының ежелдің ең күнінен бергі серігі – ертегі. Әлемде елдік құрып, егемендік алмаған ұлт көп, бірақ ертегісіз ел жоқ. Ертегі – адамзаттың асыл қазынасы, дүниетанымның түпқазығы десе де болады. Фольклорлық мұралары аса бай, ауыз әдебиеті ұшан-теңіз халықтардың бірі – біздің Қазақ жұрты. Қазақтың болмысымен біте қайнасқан небір қилы, қызықты, шытырман оқиғаларға толы ақсақал жанр – ертегі.

Қазақстанда жазба мұралардың топталуы жағынан көш бастап тұрған Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған материалдардан неше жүздеген ертегінің өткен ғасыр басындағы ұлт руханиятының көшін бастаған тұлғалар жинаған төлнұсқасын кездестіруге болады. Қазақ арасында жұрт жадында жатталған, сексендегі кәріден сегіздегі балаға дейін сүйіп тыңдайтын, тамсана айтылатын ертегілердің дені – аталған қорда сақталып, кейіннен заманауи кітаптар мен құрылғылар арқылы қайтадан оқырмандарына жол тартып отырды.

 

 

Орталық ғылыми кітапханада тек қана ертегі қолжазбаларының өзінен 350 дәптер бар. ХХ ғасыр басындағы апалаң-төпелең кезеңнің өзінен ұлтын көз қарашығындай сүйген көшбасшылардың қазақ қазынасын жинап, жариялау, сақтау, ел игілігіне жарату, бүгінге бізге аманаттау тұрғысынан үлкен істер тындырғанын, үлгі танытқанын байқауға болады.

Орталық ғылыми кітапхана 1932 жылы құрылған болса да, кітапхана қазыналарына алғаш қосылған ертегілер 1920 жылдары дайын болыпты. Атап айтқанда Әбубәкір Дибаев жинаған 250-ден астам әр жанрдағы қолжазбалардың ішінде 1920 жылдан 1936 жылға дейінгі «Алдар көсе» ертегісінен бастауға болады. Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты қазақтың заңғар тұлғалары өткен ғасырдың басында-ақ ел арасынан әртүрлі ертегі, аңыз, қисса, дастандарды жинап, оны дер кезінде кітаптарға енгізіп, тіптен арнайы жинақтар шығарғаны белгілі. Осыдан кейін халықтың рухани қазыналарының топталуына ерекше еңбек сіңірген тұлғалардан Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаевтар болды. Әрине, бұл танымал тұлғалар көбінесе ел арасындағы ақсақал-көксақалдардың санасында сары майдай сақталған мұраларды хатқа түсірді. Аталған тұлғалардан сырт, қолжазбалардың жиналуына қолғабыс еткен, айтушы, жазушы, жинаушы иә тапсырушы атымен қызмет көрсеткен неше жүздеген адамдар бар. Олардың бәрін тізбелеп көрсету мүмкін емес. Қысқаша айтқанда, ағабуын өз миссияларын артығымен орындады. Енді ел болып, осыншама мол мұраны игеріп, игілікке жарата білу бүгінгі біздің мойынымызда.

Орталық ғылыми кітапхананың қорында сақталған 22 мың тақырыптан тұратын аса көп қолжазбалар қорына алғаш түскен мұралардың да дені ертегілер, оның үстіне бірінші нөмірден бастап ертегілер бумаларға жайғасқан екен. Ертегілер араб (төте жазу), латын, кирилл жазуларында естелікке алынған.

Біз бүгін оқырманға «Байғұлан», «Шыншы» (Жинаған: Жұмабек Төкеев, 1936 ж. латын әрпінде); Қарадын батыр, Нұртаза мен Нұрке би, Екі кедейдің дос болуы; Жалғыз жігіт, Батпан шал, Қырық қатын алған хан, Үлгілі төрт сөз, Сиқырлы тоқал, Көлдің күйгенін көрген кісі, Ай астында Айбарша сұлу; Патшаның үш қызы қатарлы ертегілердің түпнұсқасынан қиынды салып отырмыз.

Ертегілердің аттары айтып тұрғандай, бұлар бүгінгі таңда ел есінен көтерілген ертегілер. Халықтың ортақ қазынасында сақталған 350 ертегінің қаншасын білесіз? Бұл әркім ойланатын сұрақ.

Қалай деген күнде де ертегілер түпнұсқадан қайтадан түгенделіп, зерттелуі тиіс. Бүгінгі заманға сай ел руханиятында қайталай жаңғырып, ғасырдан-ғасырға жалғаса беруі тиіс. Ертегілер – ежелгі бабаларымыздың сарқыты.

Ал, сіздер осыншама сол қазынаны түпнұсқада төмендегі жалғанымнан оқи аласыздар:

http://library.kz/kz/olzhazbalar.html?limitstart=0

                                  

                                 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40