Menu

Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы – кітаптанушы, библиограф. 1951 жылы 11 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1969 жылы Зайсан қаласында орта​ мектепті аяқтаған соң, Өскемен қаласында​ кітапханашы қызметін атқарды. 1970 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетіне кітапхана факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы үздік дипломға аяқтады. Осы жылы Орталық ғылыми кітапханада еңбек жолын қарапайым кітапханашыдан бастап, кітап толықтыру бөлімінде, аға кітапханашы (1976), сектор меңгерушісі (1978), ғылыми хатшы (1982), ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, 1987–2011жж. - ​ кітапхана директоры.

Күлжихан Күлшәріпқызының ұстаздары халықаралық академия кітапханалары, Ресейдің ғылыми академиясының кітапханасы, жаратылыстану ғылыми кітапханасының ірі ғылыми-әдістемелік орталықтарынан және Қазақстандық кітапхана ардагерлері Н.Б. Ахмедова, Н.К. Дәулетова, У.Х: Субханбердина сынды білімді, зиялы тәлімгерлерден тәжірибе жинақтаған.

Өз еңбек жолын кітапхана ісіне арнаған Күлжихан Күлшәріпқызының 60-тан астам ғылыми мақалалары мен баяндамалары Қазақстан және ТМД елдеріндегі кәсіби басылымдарға жарияланды. Сонымен бірге, кітапханада шығарылған 300-ге жуық библиографиялық басылымдардың жауапты редакторы.

Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы кітапхана ісінің дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Білім беру ісінің үздігі (1998), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002) атағын иеленген. «Еңбек ардагері» (1992) «Ерен еңбегі үшін» (2011), ҚР-ның Құрмет грамотасымен (2004) марапатталған.

Әбуғалиева Күлжихан Күлшәріпқызы 70 жылдық мерейтойына орай "Ғылым ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден Күлжихан Күлшәріпқызының мақалалары, жауапты редактор болған библиографиялық көрсеткіштерімен таныса аласыздар.

 

                                                     

                                                                     

 

 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33