2021 жылдың 8-ақпан күні Алматыдағы Ғылым ордасының концерт залында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған позиялық әсем сазды кеш өтті. Заңғар ақынның өмірге келген күнінің қарсаңында өткен айтулы шараны ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапхананың «Жас мамандар кеңесі» ұйымдастырған болатын.
Ақын шығармашылығына арналған бұл кештің оқырмандарға берген әсері мол болды. Кешке ақын-жазушылар, әнші-күйші өнерпаздар, ғылыми институттардың қызметкерлерімен қоса кітапхана оқырмандары, студенттер қатысты. Кешті Әділет Ахметұлы жүргізді. Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары, белгілі ақын Бауыржан Жақып пен «Ғылым ордасы» РМК директорының орынбасары Сейдін Нұрлан Бақытжанұлы құттықтау сөз және алып ақын туралы естеліктер айтып кеш шымылдығын ашты. Қазақтың белгілі әнші-күйшілері Еркін Шүкімән мен Аршын Кәсімбайұлы ән-күйден шашу шашса, ақиық ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, сағынышқа толы сазды лирикалары оқылды. Орталық ғылыми кітапхананың жастары оқыған ақынның «Алтай-Атырау» поэмасын жұрт сүйіне тыңдады.
Мұқағали Мақатевтің Орталық ғылыми кітапханада бар жүздеген мұраларынан көрме қойылды. Ақын шығармашылығын өрнектеген бейнебаяндар көрермендерге ұсынылды.
Керім кештің соңында Орталық ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қарлығаш Ескендірқызы той салтанатын асырған өнерпаздарға және құрметті қонақтарға алғыс хат табыстады.
Ғаламды жайлаған індетке байланысты кең отырып тамашалайтын рухани кештерді сағынып қалған жырсүйер әлеумет дән риза көңілмен тарасты.
Sample gallery images
kon_1.jpg
kon_2.jpg
kon_3.jpg
kon_4.jpg
kon_5.jpg
kon_6.jpg
kon_11.jpg
kon_9.jpg
kon_8.jpg
kon_7.jpg
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы