Қазақта "Сыйлассаң сыйымды боларсың" деген сөз бар. Бүгінгі таңда кешегі Алаш мұралары қайта түгенделіп, өткен ғасыр басындағы мұралар ұрпақтар санасында қайта жаңғыра бастады. Осындай ұлы да игі шаруалардың басында алаштанушы азаматтар, тарихшы, филолог ғалымдар тұрды. Өр рухты жастар сол бастамаларды әрі қарай дамытып, кешегі көшбасшылардың мұраларын жинап-теріп, зерделеп жүр. сондай азматтардың бірі. Ғасырдан қалған қазыналарды түгендеу барысында сол ауыр жүкті көтеріп жүргендер Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан айналып өтіп кетпейтін. Бір сөзбен айтқанда, Алаш мұрасы мыңдап табылатын кітапханамыз алаштанушылардың көп келетін орындарының бірі.
"Қыр баласы" қоғамдық қорының төрағасы Елдос Тоқтарбай мырза кітапханамыздың қорына "Біздің Бейсен", "Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері", "Матай Бөрібай батыр", "Абзал әке" және "Орталық Қазақстанның тарихи тұлғасы: Мұстақым Малдыбаев" қатарлы құнды кітаптар сыйға ұсынды. Аталған кітаптардың қай-қайсысы да қазақ руханиятында алар орыны бөлек басылымдар деуге болады.
Біз халық қазынасына қосқан үлестері үшін, Елдос Тоқтарбайға ризашылық білдіреміз!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы