Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Халық арасындағы ақындардың жазып қалдырған қолжазбалары терең зерттелуі керек. Қиын жылдарда із-түзсіз кеткен тұлғаларды табуға жәрдемі тиетін материалдар парақталғаны дұрыс.

Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында қазақ тарихының әрбір кезеңдерін, әсіресе екі тізгін бір шылбыр қолдан кеткен кезеңде көрген қорлық пен ұлттық қасіретті хатқа түсірген қолжазбалар көп. Біз бүгін құрметті оқырманға сол жазбалардан бірнешеуін таныстырамыз.

«Қазақ халқы Руссия патшасына қарағанда, атаңыз патша хазіреті қазақтан әскер алмасқа ант қағаз жасалған. Не үшін өзіңіз іс туғызып, қазақтан әскер алмақшы болғансыз? Біздің қазақ халқы әскер бермекші емеспіз...»

1916 жылы Қазақтардың патша үкіметіне жіберген телеграммасының мазмұнынан үзінді.

«Қалиев Қами өлеңдері» деген атпен 1951 жылы қорға түскен бұл жазбада автор «он алтының зарын» бейнелейтін оқиғаларды баян етеді. Жазбаның басқы бөлегінде автор патша үкіметі қазақтың 19-31 жас аралығындағы жігіттерін әскерлік пен қара жұмысқа алуға бұйрық бергенін, оған халықтың қарсылығы туралы айтады және телеграмма жайын сөз етеді. Содан кейін «Өткен өмірде» атты ұзақ толғауын жазады. Қалиев Қами Ақмола облысынан (Еркіншілік ауылы). Осындай жазбалардың тағы бір нұсқасын 1947 жылы Сәбит Мұқановтың атына жолдағанын, бірақ хабар ала алмағанын, осы жазба басуға жараса да, жарамаса да бір хабар беруін өтінген.

Жалпы осындай мазмұндағы жазбалар қорда өте көп. Екінші бір қолжазбаға назар аударайық:

......................................................

Кім білсін топырақпен жасырылмай,

Жем қылып тояттай ма ала қарға.

Сайрандап сахарада жүрген жастар,

Қамалып шыға алмастай терең жарда.

Елдегі ақ өлімде арман жоқ қой,

Кім білсін жем бола ма құзғындарға?!

Жайлауда жатыр еді елім аман,

Ұлықтан пошта келді мұндай жаман.

Тағы да кісі жисын дегенді естіп,

Шауыпты шабарманым елге таман.

Авторы: Марқабаев Нұрсапа

Көсембек Байғұттыұлы жазып, қорға тапсырған бұл жазбадан да көптеген тарихи деректерді, рулардың және кісі аттарын, жер-су атауларын білуге болады. Бәрінен де маңыздысы, бұл ұзақ өлеңде халықтың еркінен тыс әскерлікке және ауыр жұмысқа қабылданған жастардың қиыр шеттегі қиын күндері, ел-жұртқа деген сағыныштары сөз болады.

Бұл өткен ғасыр қасіретін бейнелейтін жүздеген жазбалардың бірен-сараны ғана. Бүкіл ел көлемінде атағы жайылмаған осындай авторлардың қолжазбаларынан қазақ руларының, жергілікті ауыл-аудандардың өткен тарихын, тіпті қиын жылдарда із-түзсіз кеткен ата-бабалардың дерегін табуға мүмкіндік бар.

                  

     

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37