Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхананың жұмыс кестесіне енгізілген өзгерістер туралы хабарлаймыз. Кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін оқырмандарды қабылдайды. Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, кітапханада маска тағуды, қолдарыңызды антисептикалық құралдармен зарарсыздандыруды және ара қашықтықты сақтауларыңызды өтінеміз.

Әлем жұртшылығына ортақ небір ғажап көне кітаптар Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан көптеп табылады. Кітапхана талай жылдан бері сондай құнды мұралардың көрсеткіштерін, каталогтарын жасап, ғылыми қауымға ұсынып келеді. Теңізден тебен іздегендей қиындық тумауы үшін, қорда бар тарихи, мәдени мұралардың көрсеткіштерін жасап отыру – зерттеушілердің уақытын үнемдеп, заманауи тәсілдер арқылы ізденіс жасауына, тіптен, еліміз ғылымының алға ілгерілеуінде алар орны ерекше. Орталық ғылыми кітапхана бұған дейін шығарған «Қазақ жазба мұраларындағы хандар шежіресі», «Қолжазбалардың мазмұндалған библиографиялық көрсеткіштері» және «Парсы тіліндегі кітаптардың каталогы» қатарлы жинақтар ғылыми қауымның ізденісіне жетектеушілік рөлін атқаруда.

Кезекті шүйіншілі хабарымыз – «Орталық ғылыми кітапхана қорындағы қытай тіліндегі тарихи жазбалардың сипатталған библиографиялық катологы» баспадан шыққаны туралы. ОҒК қорында жалпы әр тақырыпта, әр саланы қамтып жазған қытайдың жүздеген көне жазбалары бар. Бұл жолғы каталогқа солардың 60-ы енгізілді. Дүние тарихы, Қазақстан және Орта Азия елдерінің өткен-кеткені, Шығыс медицинасы, қытайтану, т.б. аса құнды тақырыптарды зерттеуде оңай қолға түсе бермейтін, көрші елдің көне иероглифтерімен жазылған мұралардың көрсеткішінің жарыққа шығуы кітапхана ұжымы үшін ғана емес, жалпы ғылыми қауым жөнінен қуанышты жаңалық деуге болады.

Оқырманның есіне сала кетейік, ОҒК-дағы Қытай құнды жазбалары туралы бұдан бұрын да аңдатпа ретінде ақпаратпен бөліскен болатынбыз. Онда патшалық Қытай мемлекеті кезінде қытайлар жазған кейбір кітаптардың 200, 300 тіпті 1000 томдықтарына дейін басылып шыққаны және әлемде сирек кездесетін осы кітаптардың Орталық ғылыми кітапханада сақтаулы екені айтылған еді. Ғылымның бір саласында желілес мыңдаған том жазуды қытай елі ерте қолға алғанын осыдан білуге болады.

               

                             

 

 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37