Menu

Ғұлама Ақыт қажы Үлімжіұлы Қарымсақов (Алтайский) 1914 жылға дейін оншақты кітап шығарған екен. Қазан мен Санкт-Петербург қалаларынан өте алыс, ҚХР территориясы саналатын өр Алтайлық қаламгердің бұдан 120 жыл бұрын осыншама мол мұра қалдырғаны кісіні таңдандырмай қоймайды. Әрине, Ақыттың кейінгі кезде Шынжаңда және елімізде шыққан кітаптарын, еңбектерін есептесек бұдан да көп дүниенің бар екенін айтуға болады. Кітапхана тұрғысынан тек сирек кітаптарына назар аударсақ, ХІХ ғасырдың аяқ шенінен 1914 жылға дейін тау асып, тас басып жүріп, жауһар жазбаларын өркениет ошағы саналған неше мың шақырым қашықтықтағы қалаларға жеткізуі құбылыс оқиға саналады.

Көп жағдайда Ақыттың 1897 жылы Қазан қаласында шыққан «Жиһанша» атты кітабынан басқа еңбектері көп атала бермейді. Ақыттың аударма еңбектерінің бірі саналатын бұл кітаптың толық аталуы төменде. Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханада сақталған Ақыт қажының көне кітаптары мыналар:

1. Қисса-и Жиһаншаһ Тамузшаһ ұғлы = قصة جيهان شاه طموز شاه اوغلى / Тәржіме-и Ақыт уәләд Үлімжі Алтайский (Қарымсақов). - Қазан : Университет баспаханасы, 1897. - 44 б.

2. Қисса-и Жиһаншаһ Тамузшаһ ұғлы=قصة جيهان شاه طموز شاه اوغلى / Тәржіме-и Ақыт уәләд Үлімжі Алтайский (Қарымсақов). - Қазан : Университет баспаханасы, 1901. - 44 б

3. Әхуал-и қиямәт = احوال قيامت / Үлімжіұғлы, Ақыт. - Қазан : Кәримовтар баспаханасы, 1908. - 20 б.

4. Әбъят ғақия = ابييات عقدية / Қарымсақов Үлімжіұлы Ақыт. - Қазан : Б.Л. Домбровский баспаханасы, 1909. - 14 б. - Мәтін араб шрифтімен берілген

5. Мәнақиб (Мінәқып) пиран ғазизан = مناقب بيران عزيزان / Жазған Ақыт Үлімжіұғлы Қарымсақов. - Қазан : Ун-т баспаханасы, 1909. - 31 б.

Мінеки Қазақстандағы тіптен көршілес елдер арасындағы Сирек кітаптар мен қолжазбалар қоры аса мол сақталған Орталық ғылыми кітапханада көненің көзіндей мұралар ішінде Ақыт атамыздың осыдан 120 жыл бұрын баспа көрген жоғарыдағы бес кітабы бар. Бұған дейін ақыттануда, Ақыт мұраларын қайталай жинақтауда, баспадан шығаруда кеткен олқы тұстары мен әттеген-айлардың болғанын еміс-еміс естіп қаламыз. Ендеше ғұламаның төл мұралары және аудармалары мен нәзиралық дәстүрде жазылған еңбектерінің аражігін ашып, жұртқа ғылыми тұрғыда қайталай жеткізіп, баба өсиетін толыққанды дәріптеу үшін біз атап отырған жауһар басылымдарды зиялы қауым қайталай зерделеп, текстологиялық салыстырулар жүргізуі аса қажетті іс болып отыр.

 

                   

             

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33