Menu

Книги, полученные в дар

Shadow
Slider

Өткен ғасыр басында ұлттың рухын сілкіндірген осы үш кітап болды. Орталық ғылыми кітапхананың Сирек кітаптар қорында осы қасиетті үш кітаптың да алғашқы басылым нұсқалары бар. Ендеше, біз бүгін қымбатты оқырманға осы үш кітап жөнінде айтамыз!

Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп,

Қарағым, енді жату жарамас-ты.

Шын мәнінде бүгін біз ұлт көшбасшысы Міржақып Дулатұлының осы жалғыз шумақ өлеңінен басқа білеріміз аз. Әсілінде бұл бір шумақ өлең қайраткер ақынның «Оян қазақ» (1911, Уфа) атты кітабының титулына жазылған аңдатпа ғана еді. Яғни бұл шумақ ақынның ұлттық рухқа толы ұшан-теңіз шығармаларының бір тамшысы ғана. Ал, Міржақып Дулатұлы «Оян қазақты» шығарғаннан кейін ілгерінді-кейінді «Жатпа қазақ», «Тұр қазақ» атты екі кітап шығып, қазақ рухына серпіліс береді. Бұл үш кітап туралы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова былай дейді:

«ХХ ғасырдың басында жарық көрген Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» (Орынбор, 1909), Байбатыр Ержанұлының «Тұр, қазақ!» (Қазан, 1914) және Әбілқасым Арғынидің «Жатпа, қазақ!» (Ташкент, 1917) кітаптарының жуырда қайта басылып шығуы – елеулі рухани оқиға.

100 жыл бұрын ұйқыда жатқан қазақ рухын тірілтуге тырысқан Міржақып Дулат­ұлының «Оян, қазағының» әсерімен «Тұр, қазақ!», «Жатпа, қазақ!» кітаптарының жазылуы тегін емес еді. Олардың құры­лымы, көтерер тақырыбы мен ішкі мазмұны «Оян, қазақтың» жалғасындай болып қабылданады. Көркемдік деңгейлері түрлі болғанымен, Байбатыр Ержанұлы мен Әбілқасым Арғынидің сөз саптауы, жазу мәнері мен ой орамдарындағы айшықтардың басты концепті бір еді. Ол – қазақтың санасын ояту. Кітаптың кіріспесінде ай­тылғандай, парсы әдебиетінің классигі Жәләләддин Руми «Ұй­қыда жатқан халықты ояту үшін бір адамның ояу болуы жеткілікті» деген екен. Өз заманынан озық туған ұландар елінің қамын жеп, қараңғы зұлматтан жарық нұрға алып шығуды көздеген. Қолдарына қару емес, қалам ұстап, халық­тың санасына сәуле себуге тырысқан. Міржақып, Байбатыр һәм Әбілқасым да надандық шеңгеліндегі жұртын «оян», «тұр», «жатпа» деп ұрандатып, оятуды қалады. Үш ақын да қоғамда қордаланып қалған ел, жер, дін, білім мәселелерін көтерді, жыр жолдарымен жар­қын болашаққа үндеді. Бүгін­гідей жаһандану заманында өзінің ұлттық қайнарлары мен құн­дылықтарына тереңірек үңілген бүгінгі ұрпақтың өткенге қайырылып көз тастауына бұл үш кітаптың да септесетіні анық».

Иә, аталып отырған үш кітап – әр қазақ үшін құнды жадыгер саналады. Оянайық, жатпайық, ойланайық!

Кітаптың түпнұсқасын төмендегі сілтемеден көре аласыз. Ал бұл кітаптардың қазіргі басылымын және М.Дулатұлы сияқты ұлт көшбасшыларының томдарын кітапханаға келіп пайдалана аласыз!

«Жатпа Қазақ»

http://nblib.library.kz/.../Omar%20Argyni.../1.html...

«Тұр Қазақ»

.

       

 

 

 

 

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20