(құраст.: Шарбану Алманбетова) — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2018.
ISBN 978-601-7828-90-5
Т.1: Ғылыми-фантастикалық романдар, танымдық хикаят және әңгімелер. — 480 б.
Жинаққа XX ғасырдың ортасына дейін қазақ әдебиетінің балауса жанры делінетін ғылыми-фантастиканы дамытуда өз үлесімен дараланатын, уакыт талабының үдерісіне сай, оқушылардың талап тезінен сүрінбей өтіп үш мәрте басылым көрген шығармалар енгізілді.
Көлемі жағынан хикаятқа лайық, ал көтерген жүгі романға тең екі шығарманың бірі «Ақиқат формуласының» ғылыми проблемасы — адамзатқа апат әкелетінсоғыстың алдын алу, оны болдырмау. Ал, «Әл- Мисақ» романының
оқиғасы «Қағбаның» қаратасында түйілген Адам (ғ.с.) Жаратушыға берген айнымас «Әл-Мисақ» антының Түркі жұртында атамзаманнан бері бұзылмаған ислами ғибратгық негіз. Ислами ұстанымы ғылыми арқаумен ширатылады.
Әңгімелердің көтерген ғылыми идеялары бір-бірін қайталамайтын нақты фантастикалық шешімдері және шығармалардың шиыршық атқан оқиғалары окушысын әсте жалықгырмайды, «осылай болуға тиісті» дегізетіндей тұжырым түйіндетеді, әрі ғылыми озық идеялар ұлттық діл жөргегінде нанымды шынайылық үрдісінен ауытқымайды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты