Бүгін Орталық ғылыми кітапханада отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені" және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу" атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи жайлы тың қисса-аңыздар енгізілген. Хикметтері экзистенциялық формада жаңаша талданады. Ислам мен түркі мәдениетінің өзара синтезге түсіп, Түркі -Ислам өркениетінің қалыптасу жолдары баяндалады. Яссауи ілімі мен дүниетанымы жайлы толғанады. Кездесу барасында оқырмандар жаңа кітап жайлы ғана емес, өздерінің бала тәрбиесі мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Санжар ағамыз сөз соңында мәдениет, үлгі-өнеге, тарих, дәстүр, сияқты рухани құндылықтарды ұмытпауға шақырды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
"Ұлы даланың жеті қыры"