Дәуір дәрісі: мақалалар, естеліктер.— Алматы: «Аннұр Сапа» баспасы, 2019. - 456 + 60 жапсырма бет.
ISBN 978-601-80607-8-6
Ақсу ауданының Құрметті азаматы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің Құрметті профессоры Кенжетай Батырбекқызының бұл кітабы 4 бөлімнен тұрады. «Дәуір дәрісі» деп аталатын бөлімге қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, жалпы ұлттық құндылықтар және бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы ой-толғамдары жинақталған. «Аманат» атты бөлімге жер жаннаты — Жетісу аймағы, қасиетті Қапал өңірі, сондай-ақ туған елі туралы ғұмырнамалық туындылары енгізілді. Бұл бөлім бұрын «Ғұмырдария» атты алғашқы жинақта жарық көрген болатын. Сол тарауды қаз-қалпында ұсынып отырмыз. Автор ұзақ жылдар бойы кітапхана меңгерушісі боп қызмет істеген. Осы уақыт аралығында ол өз шығармасына арқау болатын тақырыптарды терең зерттеп, оған қажетті дерек пен дәйекті молынан жинап, оларды өте сәтті пайдалана білген.Үшінші және төртінші бөлімде автордың жақын туған-туыстары мен құда-жекжаттарының, сондай-ақ ұрпақтарының естеліктері топтастырылған.
Бұл кітаптың талғамы зор оқырман қауымға берер тағылымы мол.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы