Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапханасы жөндеу жұмыстарына байланысты дүйсенбі - жұма күндері аралығында 09:00 - ден 18:00 - ге дейін жұмыс істейді.

ДЕРБІСӘЛІ Әбсаттар.

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ:

Өмірбаяндық-библиографиялық аныктамалық. 2-басылымы, толықтырылып, өңделген.— Алматы: «Өнер», 2018. — 320 бет.

ISBN  978-601-209-254-7

Мұхаммед Хайдар Дулати (Дуғлат) (1499—1551)—XVI ғасырда өмір сүрген көрнекті мемлекет қайраткері, атақты тарихшы ғалым, ақын, дипломат, әскери қолбасшы. Қазақ халқы тарих сахнасына көтерілген тұста өмір сүрген үлкен ойшыл. Өмірінің негізгі кезеңдері осы күнгі Орталық Азияның Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Пәкстан һәм  Үндістан мен Шығыс Түркістан және Тибет елдерінде өтті. Ол осы жұрттар тарихына қатысты «Тарих-и Рашиди» атты тарихи-мемуарлық еңбек және «Жаһан наме» атты поэма жазған. Осы бір дарабоз ірі тұлғаның өмірі мен шығармашылығына арналған өмірбаяндық-библиографиялық анықтамалыққа ұлы тұлға және оның шығармалары жайлы негізінен 1829—2018 жылдар аралығында жазылған қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, ұйғыр, түрік, парсы, орыс тілдерімен қатар ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі де әдебиеттер енгізілді.

Жаңалықтар

  • Тәуелсіздік дәуірі

    Назарбаев Н. Ә.       Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2 ӘОЖ 323(574) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік

    Read More
  • Яссауи феномені кітабының тұсаукесері

    Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері

    Read More
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

    2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5