4 мамыр 2019 жылы «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында осы кітапханада көп жылдар еңбек еткен О.П.Бравачты еске алу кеші өтті. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері және бұрынғы бірге қызмет еткен әріптестері қатысты.
Бравач О.П. 1970 жылы 28 қазанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Ключи ауылында дүниеге келген. Сол жерде мектепке барып, 10 класты бітіргеннен кейін Кемерова мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түсіп оны 1992 жылы аяқтаған. Мамандығы кітапханашы-библиограф.
Орталық ғылыми кітапханада 1995 жылдың шілде айынан бастап өмірінің соңғы күніне дейін қызмет атқарды. Азғантай ғана ғұмырында кітапханаға біраз еңбек сіңірді. Қатардағы кітапханашыдан бөлім меңгерушісі қызметіне дейін көтерілді. Негізі қызмет жолы Ғылыми библиографиялық және Анықтамалық бибиографиялық бөлімдерінде өткен.
Бравач О.П. Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы сериясы бойынша шығарылған 20 ға жуық көрсеткіштің библиографиялық редакторы.
2016 жылы жарыққа шыққан «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің құрастырушысы.
«Мировая библиография по афидологии 1712-2007» көп томдық библиографиялық көрсеткішінің редакторы. Бұлардан да басқа көптеген библиографиялық көрсеткіштерге материалдар жинақтауға атсалысқан.
Өзінің негізгі міндеттерін атқара жүріп кітапхана ісіне байланысты өткізілетін іс-шараларға қатысып мақалаларын жариялап отырды. Кітапхана әлемі журналында, Ұлттық ғылым академияларының кітапханалары атты ғылыми-практикалық теориялық жинақта және әр жылдарда Москвада өткен Халықаралық ғылыми конференция материалдарында бірнеше мақалалары жарыққа шықты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы