Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапханасы жөндеу жұмыстарына байланысты дүйсенбі - жұма күндері аралығында 09:00 - ден 18:00 - ге дейін жұмыс істейді.

2018 жылдың 16 ақпанында М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен әдебиеттанушы-ғалым, сыншы, шежіреші, ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уалиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетовтың 90 жылдық торқалы тойына арналған «Рухани жаңғыру және жаңа заман әдебиетінің көркемдік поэтикасы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

                        

Әбділхамит Қуанұлы Нарымбетов 1928 жылы 1 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Көкат ауылдық кеңесіне қарасты Нарын құмы деген жерде дүниеге келген. 1944 жылы Жаңақала ауданындағы С.М. Киров атындағы орта мектепті, 1948 жылы Орал педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 1948-1951 жылдары Қазақстанның ұлттық ғылым академиясының тіл және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған. Бұдан кейін аталмыш институттың ғылыми қызметкері, 1961 жылы М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, 1985 жылы бөлім меңгерушісі болды. 1954 жылы «20-30 жылдардағы қазақ кеңес поэмасы» деген тақырыпта филология ғылымының кандидаты, ал 1974 жылы «Қазақ кеңес поэмасының даму жолдары мен проблемалары» деген тақырыпта филология ғылымының докторы дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.

Ә. Нарымбетов библиографияның дамуына қомақты үлес қосты. Ол әдебиет саласы библиографиясынын жасау және оны тереңдете дамыту, ұдайы оқырманға жеткізу мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерді және өзінің ғылыми еңбегінің саласын толығымен соған арнады. Әдебиет саласында көпшілікке ұсынылатын библиогафия мен библиографияның мәнісін анықтай отырып, қамтылатын материалдардың құндылығына баса көңіл аудару қажеттігін дәлелдеді. Ғалым-библиограф Ә. Нарымбетов әдебиет библиографиясы саласындағы елеулі еңбектерінің бір саласы жеке тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған көрсеткіштер түзіп оның ғылыми редакциясын басқаруға бағытталған. Оның «Қазақ әдебиеті» библиографиясының 5 томы (1917-1966) атты библиографиялық көрсеткіштері мен «Сәкен Сейфуллин» (1965), «Ғабит Мүсірепов» (1973, 1975, 1979, 1994, 2002), «Зейнолла Қабдолұлы Қабдолов» (2002), «Шериаздан Елеукенов» (2004), «Серік Смайылұлы Қирабаев» (2007), «Мүсілім Базарбайұлы Базарбаев» (2007) атты библиографиялық көрсеткіштері және «Әдеби өмір шежіресінің» 7 кітабы бүгінгі әдебиеттану ғылымына қосылған мол қазына.

Бүгінгі болған іс-шарада «Әдеби өмір шежіресі» атты кітабының 7 томының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы аталған іс-шараға тақырыптық кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрме барысында ғалым туралы, ғалымның еңбектері мен өмір жолы, мақалалары және редакция алқасы, жауапты редактор болған кітаптары қонақтар назарына ұсынылды.

«Ер есімі – ел есінде» демекші, артына өшпестей үлкен із қалдырған елінің елеулі, халқының қалаулы ұлы Әбділхамит Қуанұлын келер ұрпағы ешқашан ұмытпайды.

 

Жаңалықтар

  • Тәуелсіздік дәуірі

    Назарбаев Н. Ә.       Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2 ӘОЖ 323(574) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік

    Read More
  • Яссауи феномені кітабының тұсаукесері

    Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері

    Read More
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

    2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5