Сәуірдің отызыншы жұлдызында «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірігіп «Қазақстан тарихына байланысты сирек электронды басылымдар» атты дөңгелек үстел өткізді.
1. Шараға Ұлттық кітапхана қызметкерлері, Орталық Музей, Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, Кітап музейі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Қайнар Университеті, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, Сирек кітаптар музейі, Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты мамандары аса белсенділікпен қатысты.
2. ҚР БҒМ ҒК«Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Н. Сейдін өз сөзінде Сирек кітаптар қорының құрылу тарихына, содан бері 90 мың данадан аса сирек кітаптарды, 22 мың дана қолжазбаларды, 100 мың данадан аса қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеттері, ТМД халықтары тілдеріндегі әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды құрайтын Қазақстандағы ең ірі сирек кездесетін документтерді сақтайтын қор болып табылатындығына тоқталып өтті.
3. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор Галиев Виль Зайнуллович «Создание электронных версий редкой литературы и источников по истории Казахстана» деген тақырыппен сөз ала отырып, тарихи сирек кітаптардың ғылым дамуында алатын орны, оны сақтаудың электронды нұсқасы турасында сөз етті.
4. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.д. С. Смағұлова «Сирек кітаптар қорындағы баспасөз басылымдары және электронды нұсқа» деген тақырыпта баяндама жасады. Ең алғаш «Қазақстан» газетінің шыққанын, «Қазақ», «Қазақстан» газеттері, «Айқап» журналдарының ғалымдар үшін қазіргі қазақ қәрпімен жазылған нұсқасының тиімділігіне тоқталып өтті.
5. «Кітапхана технологияларын автоматтандыру» бөлімінің меңгерушісі Р.Ахметова «Электронные ресурсы Научной библиотеки» деген тақырыпта электронды нұсқаға көшудің тиімділігі, осы мақсатта жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды.
6. Ш.Уәлиханов атындағыТарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Д. Рақымқұлов «Қазақ депутациясы Мәскеуде» атты баяндамасында осы кітапханамызда сақталған көлемі жағынан ең үлкен кітаптың тарихы мен мазмұнына, Александр II–нің таққа отыруы, қазақтардан депутацияға кімдердің барғандығына, алған әсерлеріне жете тоқталады.
7. «Сирек кездесетін кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиет» бөлімінің қызметкерлері Б.Төлімбетова «Микрофильмдерді сандық қалыпқа түсірудің ерекшеліктері», А.Мәлімова «Араб әрпімен шыққан сирек қазақ кітаптарының каталогын жасау», Ш.Уәлиханов Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері Қанай Өмірбек «Діни кітаптар және оның ғылыми құндылығы» тақырыптарында баяндама оқып, ғалымдар мен зерттеуші мамандар өздерінің қызықты да құнды деректерін келген қонақтармен бөлісіп, пікір алмасты.
8. Кездесу соңында Тарих және этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.д. С. Смағұлова Ескелді ауданы Ақын Сара ауылына этно-тарихи экспедициялық іс-сапармен барған кезде табылған діни кітаптарды кітапхана қорына табыс етті.
Дөңгелек үстелді жүргізген Ғылыми кітапхана меңгерушісі Қ. Қаймақбаева дөңгелек үстелге қатысып баяндама жасаған, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салған ғалымдар мен мамандарға алғыс білдіріп, мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жаңа бастамаларға жол ашатынын айтты.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты