Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапханасы жөндеу жұмыстарына байланысты дүйсенбі - жұма күндері аралығында 09:00 - ден 18:00 - ге дейін жұмыс істейді.

Адырбекұлы К.

Алты алаштың ардақтысы: тарихи-танымдық кітап /

Көлбай Адырбекұлы. - Алматы: «Тоғанай Т», 2018. - 240 б.

ISBN 978-601-7853-55-6

Түркістан облысындағы Түркібас ауданынан республикаға танымал жандар көп шыққан. Ал бұрынғы Кеңестер Одағы көлемінде Алты алаштың елдерін басқарған жан біреу. Ол КСРО Совнаркомы төрағасының орынбасары - Тұрар Рысқұлов. Ұлттық тұлға туралы аз жазылған жоқ. Сол жазбалардың көкейге қонатындары да, қонбайтындары да бар. Ашып айтатын бір жәйт - тұлғаны саяси жағынан орынсыз қаралау әлі күнге жалғасып келеді. Автор бұл зерттеу еңбегінде Рысқұловқа қатысты тарихи-танымдық жағынан әлі ғылыми айналысқа түспеген мұрағат материалдарының толық мәтінін бере отырып, нақты деректер арқылы жала мен шындықтың ара жігін ажыратуға ден қойған. Сондай-ақ рысқұловтанушы геолог- картограф Молдияр Серікбаевтың сұхбаттағы ой-пікірлері де ешкімді бей-жай қалдыра қоймас. Кітап ғылыми орта мен көпшілік оқырмандарға арналған.

Жаңалықтар

  • Тәуелсіздік дәуірі

    Назарбаев Н. Ә.       Тәуелсіздік дәуірі. - Астана, 2017. - 508 б.- ISBN 978-601-06-4715-2 ӘОЖ 323(574) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік

    Read More
  • Яссауи феномені кітабының тұсаукесері

    Бүгін  Орталық ғылыми кітапханада  отбасы хрестоматиясы сериясында жарық көрген "Яссауи феномені"  және де Санжар Керімбай ағамыздың "Өмірге ғашық болу"  атты кітабының тұсаукесері

    Read More
  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»

    2018 жылдың 29 қаңтар күні  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жастар кеңесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5