Кови Стивен Р. Жасампаз жандардынң 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2018 жыл. - 352 бет.
ISBN 978-601-7943-27-1
«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға окитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.
Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғьл шаруаның қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайын көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру үшін өзімді қалай жетілдіремін?
Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі - төрткүл дүниені түгел мойындатқан «...7 дағды».
Харари Ювал Ноаһ.Sаріеns: Адамзаттың қысқаша тарихы -Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл. - 368 бет.
ISBN 978-601-7943-26-4
Жүз мың жыл бұрын Ноmо sаріепs осы ғаламшарда өмір сүрген алты түрдің бірі еді. Экожүйеде горилладан, жарқырауық қоңыздан немесе медузадан артықшылығы жоқ, елеусіздеу жануар болатын. Шамамен 70 мың жыл бұрынғы Ноmо sаріепs-тің когнитивті қарым-қабілетінің жұмбақтау өзгерісі оны ғаламшардың қожасына әрі экожүйенің тажалына айналдырып жіберді. Ал басқа түрге не болды? Ақша, мемлекеттер, діндер қашан және не үшін пайда болды? Империялар қалай қырылды және күйреді? Неліктен барлық қоғамда әйелдерді еркектерден төмен қойды? Ғылым мен капитализм қалай ғана жаңа заманның ең басты арқа сүйеріне айналып шыға келді? Жүйткіген уақыт ағымында адамдар шынайы бақытқа кенеле алды ма? Болашақта бізді не қүтіп тұр?
Кітап өткен кезеңдердің оқиғалары мен қазіргі заман мәселелері арасындағы байланысқа зер салып, оқырманды қоршаған орта туралы түсініктердің бәрін қайта қарауға жетелейді.
«Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының рөлі мен маңызы» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға арналған дөңгелек үстелдің материалдар жинағы. - Сборник материалов круглого стола на тему: «Роль и значение казахской философии в духовной модернизации современного Казахстана», посвященного реализации Послания Президента Республики Казахстан народу Казахстана. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2018. - 304 б.
ISBN 978-601-304-090-5
Жинаққа қазақ философиясының тарихи маңызы мен рухани жаңғыру үдерістеріне тигізетін әсері туралы пайымдалған мақалалар топтамасы енгізілген. Қоғамдық сананың жаңғыру процесі дүниетанымдық деңгейде жүзеге асқанда ғана оның тиімділігі артатындығы дөңгелек үстел материалдарында жан-жақты тұжырымдалған.
Жинақ ғылыми-зерттеу институттары мамандары мен жоғары оқу орындары оқытушыларына, еліміздің студент қауымына, магистранттар мен докторанттарға арналған.
Тәлімгер Пайғамбар (с.ғ.с.) тағылымы / ауд. Е.Д. Оразов. - Алматы, 2018. - 184 бет
ISBN 978-601-06-5368-9
Кітапта екі дүниенің сардары ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мүбарак тұлғасы, ұстаздық қасиеттері, тәлімгерлік үлгі-өнегесі, тәрбие беруде қолданған әдіс-тәсілдері баяндалған. Аталмыш еңбектің ұстаз бен шәкіртке берер тәрбиелік маңызы зор. Еңбек барша оқырман қауымға арналған.
Қазақстан Республикасының кітапхана ісіне байланысты нормативтік-құқықтық құжаттар жинағы - Сборник нормативно-правовых документов по библиотечному делу Республики Казахстан / құраст, А.К. Байдарова; ред. Г.А. Маханбетова; жауап. ред.. А.Х. Юсупова. - Алматы, 2018. -
240 б. - Қазақ, орыс тілдерінде.
ISBN 978-601-80688-7-4
Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com