2017 жылдың наурыз айының 29-да сағат 15.00-де «Жайық өңірінің жылнамасына  100 жыл» - Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Жайық Пресс» ЖШС-нің атқарған жұмыстары, кітаптардың таныстырылымы, тұсау кесер рәсімін өткізу.

Толығырақ: «Жайық өңірінің жылнамасына 100 жыл»

ҚР Ұлттық ғылым Академиясының 70-жылдығы, Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасының 85 жылдығына орай, 2017 жылы 16 наурызда сағат 10.00-де Орталық ғылыми кітапханада, «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің тұсаукесері өткізіледі.

Көрсеткіш толықтырылып шығарылған анықтамалық басылым болып табылады. Қазақстандағы ғылыми және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметтің және республиканың қалыптасуының ең маңызды кезеңдері хронологиялық жүйелілікте ұсынылған. Қазақстан Ғылым Академиясының  ашылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейінгі (1918-2016 жж.) 100-жылға жуық кезеңді қамтиды. Көрсеткіште Ғылым Академиясының қызметіне тікелей қатысы бар, еліміздің жалпы ғылыми-техникалық және білім беру кеңістігін құратын республиканың ғылыми және білім беру мекемелерінің ұйымдастырылған күндері көрсетілген.

 

Алматы қ., Шевченко к-сі, 28 үй

Орталық ғылыми кітапхана

Мәжіліс залы

Байланыс телефондары: 261-84-31, 261-02-49

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2017 жылғы

22 ақпаннан 22 сәуірге дейін Корольдік химиялық қоғам мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

obsh

Корольдік химиялық қоғам – химиялық ғылымдарды жетілдіруші, Еуропадағы жетекші және ең үлкен коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бүкіл әлем бойынша 55000-нан астам химик-ғалымдар осы қоғамның мүшесі. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ғылыми баспа болып табылады. Журналдар, кітаптар мен электрондық кітаптарды, мәліметтер базасын және т. б. өнімдерді жариялайды. Корольдік химиялық қоғамның ғылыми журналдарының импакт-факторы химия ғылымдары саласы бойынша ең жоғары орынды алады. RSC Gold журналдар жинағы толық және сапалы химиялық ғылыми-ақпараттық ресурстардың бірі. Әлемнің ең үздік барлық университеттері осы МБ жазылған.

 

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі

Электрондық ресурстар залы

Тел. 261-02-49

Факс: 261-02-60

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

           

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2017 жылғы 21 ақпаннан 10 сәуірге дейін ООО "Ай Пи Эр Медиа" мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.

ipr22

ЭКЖ құрамында 100000 астам басылымдар, 26000 әр түрлі пәндер бойынша  оқу және ғылыми жұмыстар бар.  ЖАК тізіміне үлкен бөлігі кіретін 500-ге жуық ресейлік және шетелдік журналдарды, 500 ден астам федералдық, аймақтық, жоғары оқу орындары баспаларын, ғылыми-зерттеу институттарының әдебиеттерін, жетекші авторлық ұжымдар мен ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады.

Сондай-ақ «Ресей кітапханалары қорына» (62000 аса басылымдар) – сирек кітаптар, ноталар, мерзімді басылымдар, өлкелік әдебиеттер және тағы басқаларын пайдалануға мүмкіндік жасалған.

Ғалымдар үшін IPRbooksс ЭКЖ-не өздерінің электрондық мақалаларын кіргізуге және РИНЦ базасында индекс алуға мүмкіндік берілген. (IPRbooksс ЭКЖ Elibrary Ғылыми электрондық кітапханасының серіктесі болып табылады).

Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі

Электрондық ресурстар залы

Тел. 261-02-49

Факс: 261-02-60

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Beyiskulov8 ақпан күні сағат 1100-де Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша кітаптың тұсаукесеріне шақырамыз.

Мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28.

Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұлов 1932 жылғы 15 қаңтарда Алматы облысы Алакөл ауданының (бұрынғы Талдықорған облысы Үйгентас ауданының) Қарлығаш ауылында дүниеге келген.

Бастауыш мектепті 1941 ж. Төңкеріс ауылында бітіреді, Фурманов (Есалы) ауылында жетіжылдық мектепте оқиды. 1956 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдайды. 1957 жылы желтоқсанда Талдықорған облыстық комсомол комитетінің комсол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары және бюро мүшесі қызметіне бекітіледі.

Толығырақ: «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша кітаптың...

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo