Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (1912—1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы.
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
«Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Алаш ұлттық-демократиялық партиясының құрылғанына 100 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Алаш қозғалысына қатысты ғылыми-зерттеулер, энциклопедиялар және Алаш арыстары туралы әдебиеттер қойылды.
Универсиада – Халықаралық студенттік спорт федерациясының (FISU) қамқорлығымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарысқа қатысуға 17-28 жастағы аспиранттар, студенттер және Универсиада алдында бітіретін түлектер жіберіледі.
Қазақстан Универсиадаларға 1993 жылдан бастап қатыса бастады. Осы жылдар арасында жарыстарға 700 спортшы қатысып, 125 медаль жеңіп алды.
2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық студенттік спорт федерациясы Алматыны 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдайтын қала деп жариялады. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде ең алғашқы болып қысқы Универсиада өткізеді.
2017 жылдың 8 ақпан күні «Ғылым ордасы» РМК қарасты Орталық ғылыми кітапханада Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловқа арналған «Қазақстан ғылымының көрнекті қайраткерлері» ғылыми-ғұмырнамалық сериясы бойынша шығарылған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Шараға арнайы шақырылған Алматы қ. ірі кітапханаларының мамандары, «Ғылым ордасы» РМК қызметкерлері, сонымен қатар Т.Ә. Бейісқұловтың туған-туыстары және БАҚ өкілдері қатысты.
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2017 жылғы 21 ақпаннан 10 сәуірге дейін ООО "Ай Пи Эр Медиа" мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.
ЭКЖ құрамында 100000 астам басылымдар, 26000 әр түрлі пәндер бойынша оқу және ғылыми жұмыстар бар. ЖАК тізіміне үлкен бөлігі кіретін 500-ге жуық ресейлік және шетелдік журналдарды, 500 ден астам федералдық, аймақтық, жоғары оқу орындары баспаларын, ғылыми-зерттеу институттарының әдебиеттерін, жетекші авторлық ұжымдар мен ғалымдардың еңбектерін пайдалануға болады.
Сондай-ақ «Ресей кітапханалары қорына» (62000 аса басылымдар) – сирек кітаптар, ноталар, мерзімді басылымдар, өлкелік әдебиеттер және тағы басқаларын пайдалануға мүмкіндік жасалған.
Ғалымдар үшін IPRbooksс ЭКЖ-не өздерінің электрондық мақалаларын кіргізуге және РИНЦ базасында индекс алуға мүмкіндік берілген. (IPRbooksс ЭКЖ Elibrary Ғылыми электрондық кітапханасының серіктесі болып табылады).
Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі
Электрондық ресурстар залы
Факс: 261-02-60
e-mail:
ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы 2017 жылғы
22 ақпаннан 22 сәуірге дейін Корольдік химиялық қоғам мәліметтер базасын пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Корольдік химиялық қоғам – химиялық ғылымдарды жетілдіруші, Еуропадағы жетекші және ең үлкен коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бүкіл әлем бойынша 55000-нан астам химик-ғалымдар осы қоғамның мүшесі. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ғылыми баспа болып табылады. Журналдар, кітаптар мен электрондық кітаптарды, мәліметтер базасын және т. б. өнімдерді жариялайды. Корольдік химиялық қоғамның ғылыми журналдарының импакт-факторы химия ғылымдары саласы бойынша ең жоғары орынды алады. RSC Gold журналдар жинағы толық және сапалы химиялық ғылыми-ақпараттық ресурстардың бірі. Әлемнің ең үздік барлық университеттері осы МБ жазылған.
Ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, кітап қорын насихаттау бөлімі
Электрондық ресурстар залы
Факс: 261-02-60
22 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында,ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының Сирек қорынан көрме қойылды.
Алматыда Ұлттық Ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты сессиясы (видео)
Елбасы ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысты (видео)
ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясы (видео)
Көрме 4 бөлімнен тұрады:
()
(https://youtu.be/spQELlweqCI)
Алаш партиясы мүшелері Алаш құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдығы, Ғылым ордасы РМК Орталық ғылыми кітапханасының 85 жылдығына орай 2017 жылы 16 наурызда сағат 10.00-де «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында «Национальная академия наук Казахстана. Хроника событий» 1918-2016 гг. көрсеткішінің тұсаукесер рәсіміне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.
Алқалы жиынға еліміздің жетекші ғалымдары, ҚР ҰҒА академиктері – Қожахметов С.М., Пралиев Қ.Ж., Сабден О.С., Пак И.Т., ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері мен ғылыми қызметкерлері – Әбжанов Х.М., Ермуратов С.Е., Дуйсен Ғ.М., Абенов М.М., Абусеитова М.К., Мұхамеджанов М.А., Жармухамедов Н., және т.б. жас ғалымдар мен кітапхана мамандары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы