Menu

  22 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында,ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына "Ғылым ордасы" Орталық ғылыми кітапханасының Сирек қорынан көрме қойылды.

                              

                  WhatsApp Image 2017 02 23 at 11.57.54   WhatsApp Image 2017 02 23 at 11.58.12


                          


          Алматыда Ұлттық Ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты сессиясы (видео)

          Елбасы ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысты (видео)

             ҚР Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясы (видео)

Көрме 4 бөлімнен тұрады:

Кітапхана қорындағы ең үлкен көлемді кітап “Описание священнейшего коронования их императорских величеств, государя императора Александра II и госдуарыни императрицы Марии Александровны всея России”. Париж, 1856 ж., 106 бет. Тиражы 200 дана. Кітаптың көлемі: ұзындығы 92 см, Ені 68 см, Салмағы 22 кг. 

Кітапта Ресей императоры Александр ІІ-нің таққа отыру рәсімі суреттеледі. Рәсім 1856 жылы тамыздың 26-нан қыркүйектің 16-на дейін тойланған. Бұл тойға әлемнің түкпір-түкпірінен патшалар мен ханзадалар, елшілер және т.б. қонақтар жиналған. Императордың таққа отыру рәсіміне Сібір қырғыздарының депутаттары аға сұлтан, майор - Чорманов, сұлтан, подполковник - Татенев, сұлтан, капитан - Аблес Али қатысқан. Рәмізге қатысушы қонақтардың саны 8000-нан асқан, тойға 672 стол жайылып,        20 000 гүл шоқтары қойылып, 14 000 майшам жағылған.

Кітап 55 бет көркем суретпен безендірілген. Бұл суреттер Ресей және Францияның суретшілері: Тимм В.Ф., Зичи, Сверчков Н.Е., Ноэль, Гельдро, Бойе, Мончеттидің салған туындылары. Суреттер арасында Қырғыздардың аңға шыққан сәті бейнеленген сурет те бар.

Мәтін үшін арнайы ірі шрифт құйылған. Бұл суреттер Император Өнер академиясының президенті князь Гагариннің басшылығымен жасалған. Кітап жоғары мәртебелі мырзалар мен қонақтарға тегін сыйға тартылған.

Бұл сирек кездесетін басылымды кітапхана 1960 жылы облыстық сауда басқармасының №1 кітап дүкенінен 1500 рубльге сатып алған.

1. ҚОЛЖАЗБАЛАР

Қолжазба Құрандар XІХ ғ .,

Өте кішкене көлемді кітап  - Құран Кәрім. Стамбул қаласында шамамен XX ғасырдың басында шыққан. Оны Құранның алғашқы бетіндегі өрнектелген мына жазу айғақтайды: “Матбағ Османиа”. Құран шығыс қағазына, араб жазуының насих үлгісінде жазылған. Құран сүрелерінің жазуы анық бірақ, өте ұсақ болғандықтан оқылуы қиын. Бастапқа және соңғы беттеріндегі өректеліп жазылған жазулардан жылын, баспасын ажыратуға болады, бірақ кітап өте кішкене болғандықтан арнайы үлкейткіш лупалармен карау керек.

Бұл кішкене көлемді Құран Кәрімнің баспа нұсқасы ХХ ғасырдың басында шыққан, осы күнге жеткен өте сирек кездесетін толық нұсқасы деуге болады.

Құранның көлемі: ұзындығы 3,4 см; ені 2 см, қалыңдығы 1,2 см.

 «Хандар шежіресі» Орталық ғылыми кітапхана қорына қолжазба 1964 жылы кітапхана қызметкері Е.Байболов деген адамның атына келіп түскен. Қолжазбаны жолдаушы С.Б. Кулбасинов деген азамат мекен-тұрағын РСФСР, Челябинский облысы ст. Субутах Магнитный Зерно совхозының Южное отделениесі деп көрсетіліпті.

Қолжазбаның: ені 45 сантиметр, ұзындығы 3 метр. Бір өкініштісі, бұл қолжазбаның жазылған уақыты (жылы), жері және жазған адамның аты - жөні белгісіз олар туралы ешқандай дерек жоқ. Қолжазбаның аты да атап жазылмаған. Жалпы мазмұн - мәтініне қарап, "Хандар шежіресі" деп аталды. Қағазына, жазу үлгілеріне, стиліне қарағанда XVIII-ғасырлардың туындысы.

Шежіренің жалпы мазмұны, шартты түрде мынандай үш бөлімнен тұрады:

1.Адам ата - пайғамбардан Мұхаммед пайғамбарға дейінгі пайғамбарлар шежіресі. Бірақ алғашқы пайғамбарлардың көбінің аттары өшіп, жоғалып кеткен. Соңғы бірнеше пайғамбарлардың аттары сақталып қалыпты.

2.Араб, парсы заманындағы халифалар мен шахтардың шежіресі.

3. Түрік-монғол заманындағы хандар шежіресі. Мұнда Шыңғысханға дейінгі және Шыңғысханнан Абылайханға дейінгі хандар шежіресі қамтылған екен.

“Абылайханның хаты 1765-1767жж. ”, Сібір корпусы әскерінің командирі, генерал-поручик И.И. Шпрингерге Абылай ханның аймақтағы геосаяси жағдайлар туралы жазған хаты.

Қолжазба Математикалық есептеу,  парсы тілінде, ХIХ ғ. (көлемі 2,65/31 см).

2. СИРЕК ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР.

Магницкий Л.  Арифметика. М., 1703.

1703 жылы Ресейдегі математикалық білім алу тарихында маңызды кезең болып табылады. Арифметика кітабы басылып шықты. Бұл кітаптың авторы 1669 жылы туған Леонтий Филиппович Магницкий. Бұл кітап сол кездегі математикалық білімдердің: арифметиканың, алгебраның және тригонометрияның негіздерін қамтыды.

Онымен І Петр математикалық ғылымдар жөнінде талай рет әңгімелесіп, білімнің тереңдігіне қайран қалып, оны магнит деп атап, документтерде Магницкий деп жазылуға әмір еткен. Магницкийдің ертеде жазылған өмірбаянынан «оның бұған дейінгі фамилиясының кім болғандығы тіпті жақын жүрген адамдарға белгісіз» дегенді оқимыз.

Канкрин Ф. Тау-кен және тұз өндірудің алғашқы іргетасы. – СПб., 1756

Аничков Д. Теориялық және практикалық геометрия. – М., 1780

Италья-австриялық табиғат зерттеушісі, дәрігер, тірі табиғатты жіктеуші Джованни Антонио Скополидің (1723-1788) энтомология кітабы және осы кітаптың орысша аудармасы, аударған әртүрлі ғылымдар Академиясының құрметті мүшесі, Дат королдігі орденінің иегері Андрей Нартов.

3. ЖАЗУШЫЛАР МЕН ҒАЛЫМДАРДЫҢ КӨЗІ ТІРІСІНДЕ БАСЫЛЫП ШЫҚҚАН КІТАПТАРЫ .

Пушкин А.С. (1799-1837). Руслан мен Людмила поэмасы, 1820.

Н.И. Гнедич (1784-1833) аударған Гомердің Илиадасы . – СПб., 1829.

Менделеев Д. (1834-1907) Аналитикалық химия. Сандық талдау. – СПб., 1866.

Ломоносов М. (1711-1765) Орыс халқының қысқаша шежіресі. – СПб., 1760 мен неміс тілінен аударған Г. Гейнзиустің Кометалар сипаттамасы.-СПб., 1744

Севергин В. (1784-1833) Ресей мемлекетінің жер сипаттамасынан тәжірибе. – СПб., 1809.

         4. ШЕТ ЕЛ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИРЕК КІТАПТАР 

Атақты неміс саяхатшысы, географ, шығыстанушы, тарихшы, математик және физик Адам Олеарияның (1599-1671) «Московияға және Московиядан Парсы еліне және қайта оралу саяхатының баяндамасы» атақты туындысында күнделікті саяхат оқиғалары, автордың ойлары мен пікірлері баяндалған. Кітапта халықтар туралы мағлұматтар, олардың салты мен әдет-ғұрпы, географиялық мәліметтер, оқиғалар және Олеарияның суреттерінен тікелей жасалған суреттемелер мазмұндалған. Басылымға «Persianisches Rosenthal» тақырыбында Олеарияның «Гюлистан» Саади аудармасы қосылған.

Яна Стрюйса (Стрейса) «Путешествия в Московию, Тартарию, Персию».

XVII ғасырдағы нидерландық саяхатшы Ян Стрюйстің (Стрейстің) өз басынан өткерген шытырман оқиғаларын суреттеген еліктіргіш кітабы. Желкен жұмысының шебері ретінде кемелермен жүзді және әр-түрлі елдерде болды. Я. Стрюйс Степан Разин көтерілісінің куәсі болып, тұтқынға түсіп, құлдыққа сатылып кетеді. Персияда өзін құлдықтан сатып алады да, Голландияға жетеді. Кітабында Я. Стрюйс өзі болған аймақтардағы тұрмыстың бір көрінісін, адамдардың сыртқы келбетін, жүріс-тұрысын баяндады.

Өнер тарихшысы, суреткер, суретші, Бавария мұражайының директоры Яков Генрих Гефнердің (1811-1903) «Орта ғасыр христиан костюмдері» деген еңбегі.

Залеский Б. (Zaleski Bronislas ). Жизнь киргизских степей». На французском языке   С фронтисписом и 21 офортом.", Paris, J.B. Vasseur, 1865.

Бронислав Залесский «Қырғыз даласының өмірі» атты кітабы. Б. Залесский поляк азаттық қозғалысына қатысқаны үшін қамауға (1819-1880) алынады. 1848-1856 жылдары Оренбург корпусының Жеке батальон қатарында міндетін атқарады. Босатылғаннан кейін, еуропалықтардың даласы мен халқын көруге рұқсат алып, 1865 жылы Парижде қырғыз даласының өмірі жайында альбом шығарады.

«Сөздер мен суреттердегі Үндістан» – суреттемелермен берілген 2 т. басылым. Авторы – немістің атақты зерттеуші, табиғаттанушы және саяхатшы бес ағайындының бірі Эмиль Шлагинтвейт (1835-1904).

Альберт Трегердің 1879 ж. Бейнелер мен әндердегі неміс өнері атты кітабы. Суреттермен берілген өлеңдер мен әндер кітабы. Неміс суретшілері мен ақындарының өнерде қалдырған аманаты.

Француз жазушысы, ғалым, библиофил Поль Лакруаның (1806-1884) шығармасы «XVII ғасыр: мекемелер, салт-дәстүр және костюмдер. Франция, 1590-1700».

«Араб өркениетінің тарихы» – француз философы, социолог, тарихшы, антрополог Гюстав Лебонның (1841-1931) ірі еңбегі. Кітап араб өркениетінің тарихи-мәдени зерттелуі мен оның әлем өркениетіне ықпалын көрсетеді.

Әзілдер кітабы. Сатуға арналған ұсақ-түйектер немесе күлкінің асыл қазынасы. 1664 ж.

                      

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo