Умбиталиев А.Д.«Басқару психологиясы»: оқу құралы / А.Д. Умбиталиев, К.Б. Сатымбекова, Ғ.Е. Керімбек / Алматы: Экономика, 2017. - 464 бет
ISBN 978-601-225-987-2
Оқу құралында басқару психологиясының обьектісі, пәні және түсінігі, басқару іс-әрекетінің негізгі ұстанымдары мен заңдылықтары, жоспарлаудың психологиялық ерекшелігі, ұйымдастыру атқарымының, реттеудің және бақылаудың психологиялық ерекшелігі, тұлға және оның құрылымы, тұлғаны оқытатын психологиялық мектептер, тұлғалардың тұрпаттамасы, мінез-құлық, тұлғаның бағытталғандығы, қабілеттілік, басшылық және жетекшілік, басшылықтың тұлғалық мәселесі, басшылық стилінің, басшылықтың анықталған стилінің артықшылық жағдайлары, ұйымдағы коммуникациялық құрылымдар, басқару көзқарасы бойынша бейресми құрылымдар, шағын әлеуметтік топ, ұжымдағы психологиялық климат, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен нысандары, көпшілік алдында сөз сөйлеу, басқару қарым-қатынасының ұстанымдары, қарым-қатынас құрылымы, сындарлы сынның негізгі ережесі, басқару шешімдерін қабылдаудың психологиясы, шешім қабылдауға көзқарастар, шешімнің жіктелуі, басқару шешімдерін өңдеу қадамдары, топтық пікірталасты ұйымдастыру әдістері, басшының шешім қабылдау үдерісіндегі тәртіп үлгісі, жанжал психологиясы, жанжалдың пайда болу себептері, жанжалдың жіктелуі, жанжалды шешудің ережелері мен әдістері, келіссөзде өзін-өзі ұстаудың типтік үлгісі, тиімді келіссөз үдерісінің психологиясы, телефон және электрондық почта бойынша келіссөз, имидж және оның бөліктері, имиджді құрудың белгілері, конфликтологияның даму тарихы, конфликтология пәні және зерттеу обьектісі, жанжалдың негізгі жіктелуі, жанжалдың құрылымдық элементтері, жанжал шектері, жанжалдың психологиялық құрылымы, жанжалдасушылар және олардан құтылу жолдары, жанжалдың қуат көзі, жанжалдың дамуының сатылары, жанжалда күш теңгерімі, жанжал және мәдениет, 3 Фрейдтің жеке тұлғалар ішіндегі жанжал тұжырымдамасы, А Адлер бойынша толымсыз (олқылық) кешенін қалыптастыру факторлары, К Юнгтің жеке тұлғалардың талдамалы теориясы, Эрих Фромм және оның жеке тұлғалардың гуманистикалық теориясы, Карен Хорни: жеке тұлғаның әлеуметтік-мәдени ұстанымы, рөлдік жанжалдар, талаптану деңгейі, когнитивті диссонанс, жас шамасының дағдарысы, тұлға аралық жанжалдардың ерекшеліктері, тұлға ішілік және топтық жанжалдармен тұлға аралықтың өзара қарым-қатынасы, тұлға аралық жанжалдың себептері, топаралық және топтық жанжалдарды басқару, гендерлік айырмашылықпен байланысты жанжалды жағдайлар, жас шамасы бойынша ерекшеліктер, мінездемелік айырмашылықтар, ұйымдағы жанжалдардың себептері, ұйымдағы жанжалды басқару, келіссөздер, «Үшінші тарап» және негізгі міндеті, медиация - делдал ретінде, делдалдың бір-бірімен дауласушы қарым-қатынастар барысындағы іс-әрекеті қарастырылған.
Оқу құралы мемлекеттік билік пен басқару органдарының басшыларына, коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалардың басшыларына, ғылыми қызметкерлерге, экономикалық ЖОО-ның докторанттарына, магистранттарына, студенттеріне, кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушыларына, сонымен қатар жалпы оқырман қауымға арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы