2017 жылдың наурыз айының 29-да Батыс Қазақстан облыстық газеттерінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Жайык Пресс»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бірлесе атқарылған жұмыс нәтижесінде жарық көрген кітаптардың таныстырылымы, тұсау кесер рәсімін өткізді. 2016 жылыдың 7 қыркүйегінде «Қазақстандағы және оның батыс өлкесіндегі қазақ баспасөзінің дамуын, алғышарттарын, сол кездегі қоғамда қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалды, баспасөз ісі маңында жүрген тарихи тұлғалардың өмірбаянын, қоғамдық-саяси қызметін бірлесе зерттеу» мақсатында жасалған әріптестік меморандумға қол қойылған болатын. Меморандум нәтижесінде бірнеше жұмыстар атқарылды, жұмыс нәтижесімен бөлісіп, ғалымдармен ақылдасу, пікір алмасу мақсатында Сирек кітаптар, қолжазбалар және ұлттық әдебиеттер бөлімі дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Жарық көрген кітаптар тізімі:
Дөңгелек үстелдің қонақтары ғылыми зерттеу институттарының директорлары, аға ғылыми қызметкерлері және осы тақырып аясында зерттеу жүргізіп жүрген зерттеушілер, жазушылар, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері, ҚР ҰМ кітап палатасының қызметкерлері және баспасөз қызметкерлері болды. Кіріспе сөзді Ғылым ордасы Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш ханым бастап әріптестік меморандум аясында қордағы сирек газеттер мен кітаптар алмасу болғандығын, жұмыс жүргізілу барысына тоқталып өтті. «Жайық Пресс» ЖШС-нің директоры Сафуллин Жантас мырза кітаптағы деректердің жиналуын, даярлануын баяндап берді. Сонымен қатар жақын арада баспаға берілетін қолжазба кітаптары Ғұмар Қараш туралы айта келе, ғалымдардан ақыл кеңесін сұрай келгендігін жеткізіп, өмірбаяны туралы қысқаша деректі фильм тамашаланды. Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Әбжанов Хангелді мырза, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары, т.ғ.д. Смагулова Светлана ханымдар тарихшы ретінде өз пікірлерін айтып, еңбектеріне жеміс тіледі. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкерлері ф.ғ.д. Қорабай Серікқазы, ф.ғ.д. Гүлжаһан Орда, ф.ғ.к. Айсұлу Ойсылбай, Әлібеков Тоқтар, филол.ғ.д., «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары Мадиев Сансызбай және ф.ғ.д. Жұбаева Орынай сынды ғалымдарымыз еңбекті талдау жасай отырып, құнды кітап екендігін жеткізді. Ал ҚазҰУ Журналистика факультетінің оқытушысы, ф.ғ.к. Мектептегі Аманқос мырза мен жазушы Қойшыбай Бейбіт мырза жасалатын жұмысқа, кітапқа қолдау білдіретіндігін, бұл жұмыстың алға басуына үлес қосуға даяр екендіктерін жеткізді. Келген қонақтардың барлығына кітаптар таратылды.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ
“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты