Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету жүйесінің негізгі функциясы «тапсырыс-жауап» режимінде кітапхана оқырмандары мен қолданушыларына тікелей қызмет көрсету болып табылады.

Ақпарат тұтынушыларына қызмет көрсету бірнеше тармақтары бар анықтамалық-библиографиялық аппаратты пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Оның маңызды тұсы – 37 мыңдық анықтамалық-библиографиялық қор, оған барлық білім салалары бойынша отандық және шетелдік энциклопедиялар, жалпы, салалық және белгілі бір тақырыптарға арналған арнайы анықтамалықтар, сөздіктер, ұлттық библиография (кітап жылнамасы (КЛ), журнал мақалаларының жылнамасы (ЛЖС), газет мақалаларының жылнамасы (ЛГС) және басқа) және ғылыми-техникалық ақпарат органдарының (РЖ және НЦНТИ дың сараптамалық жинақтары) басылымдары, Ресей ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бойынша ғылыми ақпарат институтының (ИНИОН РАН), Бүкілресейлік ғылыми және техникалық ақпарат институтының (ВИНИТИ) библиографиялық құралдары, библиографиялық көрсеткіштер, реферативті журналдар кіреді.

Электрондық тасу құралдары кеңінен таралуда: CD-Rom: сөздіктер, энциклопедиялар, электрондық реферативті журналдар. Оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындау үшін кітапханада құрастырылған мәліметтер базасы (МБ) қолданылады.

  1. Кітапхананың электрондық каталогі

         2)   Электрондық тақырыптық картотекалар

         2.1. Қазақстан ғылымы дамуының басым бағыттары бойынша

         2.2. ҚР ағымдағы жаңалықтары

         3) Кітапханадағы тақырыптық көрмелердің электрондық МБ

Анықтамалық қызмет көрсетудің негізгі бағыттары:

- дәстүрлі және электрондық ресурстарды қолдана отырып, библиографиялық тапсырыстарды орындау;

- библиографиялық құралдарды қолдану мәселелері бойынша  оқырмандарға кеңес беру;

- қорды қалыптастыру жұмыстары.

Анықттамалық-ақпараттық қызмет көрсету залында оқырмандарға келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

а) Анықтамалық-ақпараттық қызмет:
- библиографиялық анықтамалар беру (ауызша және жазбаша түрде);
- ғылыми-зерттеу жұмыстарына керекті әдебиеттер тізімін құрастыру;
- өз бетінше библиографиялық іздеу әдістемесі бойынша кеңес беру;
- ғылыми мекемелерге сигналдық ақпарат беру.

б) Сервистік қызмет:
- қолданушылардың CD-Rom және USB-құрылғыларынан документтерді қағазға түсіру;
- қолданушылардың документтерінің көшірмесін жасау.

- құжаттарды сканерлеу.

        Жаңа түскен басылымдар көрмесі

Жаңа түскен басылымдар бойынша көрме ұйымдастыру кітапхана қорына түскен алғашқы құжаттарды насихаттаудың  жедел формасы болып табылады. Көрме апта сайын жаңартылады. Әдебиеттер басылым түрлері бойынша топтастырылып, білім салалары бойынша  орналастырылады. Көрмеге келушілерге мақалалар көшірмесін түсіріп алуға және әдебиеттерге бөлім қорларына түскеннен кейін тапсырыс жасауға мүмкіндік жасалған.

Бiздiң мекен-жайымыз:

050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28.
Телефон: +7(727) 261-84-31

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 

banner


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ЭЛЕКТРОНДЫ РЕСУРСТАРЫ

Menu