Алқалы жиын, алалы топқа кіре алмай,
Емексіп көңіл егізден қалған сыңардай,
Қиыннан өсіп, қияға біткен шынардай,
Қағынан жеріп қиянға кеткен құландай
Маза кеткенде маңдайға бастым өлеңді-
Абайдан қалған тұмардай.
Белгілі жазушы, ақын, бірнеше роман және әңгімелердің, бірқатар проза және поэзия кітаптарының авторы, халықаралық "АЛАШ" сыйлығының иегері, әдебиеттанушы-ғалым кітапханамыздың тұрақты оқырманы, Нұржан Қуантайұлын 50 жас мерейтойымен Орталық ғылыми кітапхана ұжымының атынан құттықтаймыз!
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Осыған орай кітапханамыздың №2 оқу залында Нұржан Қуантайұлына арналған тақырыптық көрме қойылды. Көрмеден автордың қаламынан туған өлеңдері мен әңгімелері, кітаптары және мақалаларымен жақынырақ таныса аласыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы