«Ғылым ордасы» РМКОрталық ғылыми кітапханасында көрнекті Мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, Қазақ ССР Ғылым академиясының Президенті, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 105 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге заңғар тұлғаның Қазақстан ғылымының дамуы, Республиканың өркендеуі, Алматының көркеюіне байланысты жазылған еңбектері, баяндамалары қойылды. Сонымен қатар Республика басшысы қызметінде болған уақытта ұзақ жылдар өзімен қызметтес болған әріптестері Б. Әшімов, А. Асқаров, К. Аухадиев, О. Сүлейменов, тарихшы-ғалымдар Б.Төлепбаев, М.Қозыбаев және тағы басқа да замандастарының естеліктері бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы