меню

Садеқ Һедаят

«Соқыр байғыз» / Аударып, түсініктерді жазған Айнаш Қасым. - Алматы: «Асыл кітап» баспасы, - 2018 ж. - 112 бет.

ISBN 978-601-7962-09-8

Жазушы, аудармашы Садеқ Һедаят (1903-1951) - ирандық жаңа дәуір әдебиетіндегі проза жанрының негізін қалаушылардың бірі. Хедаяттың шығармаларының арасында «Соқыр байғыз» Иранның проза жанрында жазылған әлемдік деңгейдегі ең танымал шығарма. Романның көлемі шағын, екі бөлімнен тұрады. Модернистік сипатқа ие, символизм мен сюрреализм бағыттарындағы Хедаят шығармаларының жауһары саналатын «Соқыр байғыз» (1937) әлемнің отызға жуық тіліне аударылған. Роман түпнұска тіл - парсы тілінен қазақ тіліне тұңғыш рет аударылып, оқырманға ұсынылып отыр.

Кітапқа Хедаяттың аллегориялық астармен экзистенциалистік бағытта жазылған «Бұралқы ит» (1942) повесі де енді. «Бұралқы иттің» қазақ тіліндегі аудармасы бұдан бұрын отандық әдеби басылымдарда жарияланған.

меню