
ТҮСІПБЕКОВА Г.М., АХМЕТОВ Қ.М. Т 90 ГЕОГРАФИЯ: Балаларға арналған энциклопедия. / Гүлсім Түсіпбекова, Қадырбек Ахметов. - Алматы: ЖК «Спанова А.Б.», 2017. -480 бет.
ІSBN 978-601-06-5242-2
Балаларға арналған бұл энциклопедиялық анықтамалық Жердің пайда болуынан бастап, оның геологиясы (ішкі қыртысы) мен жер бедерінің қалыптасу кезеңдерін, ондағы тіршіліктің даму сатыларын қамтыған. Қазіргі дүние табиғатына сипаттамалар берілген. Адамзат өркениетінің кезеңдерін қамти отырып, дүниежүзі елдерінің аймақтар бойынша қалай топтастырылғаны баяндалады.Кітап ұстаздар мен оқушыларға, барша оқырман қауымға арналған.

Күдеринова Қ.Бірге ме, бөлек пе? / Құралай Күдеринова. - Алматы: «Қазақ тілі» баспасы, 2018. - 84 бет.
ISBN 978-601-80645-6-2
Қазақ тілі орфографиялық ережесі мен сөздігіне сәйкес бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесін сатылап меңгертуге арналған әдістемелік кұрал ретінде ұсынылып отыр.

Н. Төлепбергенұлы.Өлеңді әліппе: қалалар. Н. Төлепбергенұлы. - «Абзал-Ай» баспасы, 2018. - 32 бет.
ISBN 978-601-7172-76-3
Бүлдіршіндерге арнап қызықты тақырыптарда өлең-жыр жазып жүрген сатирик- жазушы Н. Төлепбергенұлының «Өлеңді әліппе: қалалар» кітапшасында еліміздің қалалары мен елді мекен атауларын әліпбимен таныстыра отырып, әдемі де қарапайым, түсінікті тілмен өлеңге арқау етеді.
Әр шаһардың ерекшелігін, табиғатыи, көркін ашады. Кітапшаға берілген ғимараттар мен ескерткіштер, мәдени орындар, әртүрлі суреттер жасөспірімдердің таным-түсінігін арттырары сөзсіз.

Төлепбергенұлы Н.Өлеңді әліппе: жануарлар. Н. Төлепбергенұлы. - «Абзал-Ай» баспасы, 2018.-32бет.
ISBN 978-601-7172-74-9
Сатирик-жазушы Н. Төлепбергенұлының «Өлеңді әліппе: жануарлар» атты бүлдіршіндерге арналған суретті кітапшасы, орман-тоғайларда мекендейтін алуан түрлі жабайы аңдардың суреттері мен олардың қызықты тіршілігі жайлы өлең жолдарымен жазылған. Әзілкеш ақынның балаларға арналған кітапшаларында әрі күлдіргі, әрі бүлдіргі тақпақтары топтастырылған.

Нұсқабайұлы Ж. Қазақ журналистикасыньң тарихы (1870—2008 жыл- дар)./ Ж.Нұсқабайұлы, Қ. Аллаберген, Ф.Оразаев.
Алматы: "Білім" баспасы, 2018 — 400 бет.
ISBN 978-9965-09-898-7
Авторлар бұл еңбегінде қазақ журналистикасының ұзақ жылдық тарихына бүгінгі күн тұрғысынан көз жіберіп, тың байламдар жасап, жаңаша ой айтады. Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихына қосымша оқу кұралы ретінде қайта басылып отырған бұл кітап осы жаңашылдығымен де кұнды. Кітап жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқытушылары мен студенттеріне, бұкаралық ақпарат кұралдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ баспасөз тарихымен жақынырақ танысқысы келетін әрбір зерделі оқырманға арналды.
Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана

Музей литературы и искусства имени Бухар жырау

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com