меню

Memlekettik tapsyrys

Тохтамов Турган. Суд совести: Роман. Пер. с уйг. В. Касымовой. Алматы, 2018. - 288 с.

ISBN 978-601-7461-42-3

Роман Тургана Тохтамова "Суд совести" основан на реальных событиях, имевших место в жизни уйгурского народа в 30-50 годах XX века. Сквозь призму судьбы главного героя Рахмана и близких ему людей автор раскрывает общественно-политические и личностные мотивы, обусловившие драматические страницы их жизни.

Қайсенов Қасым.Жау тылында / Қасым Қайсенов. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2018. 384 бет.

ISBN  978-601-209-253-0

Ұлы Отан соғысын бастан-аяқ Украина және Белоруссия жерінде, қалың орман ішінде партизандармен бірге қан майдан кешіп өткізген қазақ халқының қаһарман ұлы, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің жау тылында өткен өмірі сұрапыл оқиғаларға толы. Қасым аға соғыс бітіп, кеңес халқы толық жеңіске жеткеннен соң елге оралғанда қолына қалам алып сол оқиғаларды қаз-қалпында қағазға түсірген болатын. Батырдың басынан өткен оқиғалары жеке-жеке әңгімелер күйінде де, автордың өлім мен өмірдің арасында арпалысқан кездеріндегі біртұтас оқиға-хикаяттар ретінде де өте қызықты баяндалады.

Көпіш Ә.Мәңгілік майдан: Роман-дилогия. 2-кітап. Көк аспанның әміршісі. - Алматы: "Өнер", 2018. - 400 бет.

ISBN  978-601-209-255-4

Күні кеше ғана мәңгілік Уақыт қойнауына кеткен - XX ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи-әлеуметтік қасіреттер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халқымыз Ресей империялық күштерінің қанкұйлы басқыншылығы мен опасыз отаршылдығын, орыс патшалығын ысырып, тарих сахнасына зорлықпен келген әкімшіл-әміршіл кеңестік - Қызыл империя жүйесінің ұлттық ой-санамыз бен рухани даралығымызды қирата күшпен тойтаруын, жаңа қоғам әкеліп орнатқан екіжүзділік пен сатқындықтың бұрында құлақ естіп, көз көрмеген - қанды оқиғаларын бастан кешірді. Осыны ұрпақтар ұмытпауы керек.

Автор "Мәңгілік майдан" (бір жанның мыңжылдық қасіреті) атты тарихи-психологиялық роман-дилогиясының 2-кітабында 1916 жылғы бүкіл қазақ даласындағы Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістің Жетісу аймағындағы қанды қырғындар тарихы мен "құдайсыз" қызыл большевиктердің мемлекет билігін басып алғаннан соң - біздің халқымыздың адамзат тарихында болмаған тағы да әлденеше қантөгістерді басынан өткізу кезеңдерін - шығарманың басты қаһарманы Серханның және оның айналасындағы адамдардың тағдырын оқиғалармен байланыстыра отырып, ұлттық дүниетанымымыз бен елдік санамызды бойтұмардай сақтап қалу жолындағы кейіпкерлердің арпалысқа толы күрескерлік бітімін даралап көрсетеді.

Мұнда, сондай-ақ, Адам өмірімен қатар, дүниежүзілік биосферада аяусыз зардап шегіп келген - Жер мен тіршілік, ауа мен су, жылқы мен жан-жануарлар, құс пен құмырсқа, ағаш пен өсімдік, яғни, бүкіл Планета тағдыры да қатар өрбумен болады.

Романда қазақ әдебиетінде бұрын-соңды мүлде қолданылмаған жаңа көркемдік әдістер мол. Шығарманың тілі эпикалық тұрғыда - кең, көркем, әрі шебер қиюласқан.

АТАМЕКЕН: ақпараттық-танымдық жинақ. // Құраст. С.Итеғұлова. // - Алматы: «Раlitrа-ргеss», 2018. - 144 бет.

ISBN  978-601-06-5396-2

Жинақта Қазақстанның ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері туралы мәліметтер беріле отырып, танымал археологиялық ескерткіштер, діни және ғибадат орындарына қысқаша шолу жасалған. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, туристік әлеуетін таныту мақсатында қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.

Жинақты еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

Сыздықова Рәбиға.Тіл және ұлттық мәдениет. 14-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2018.-344 б.

ISBN 978-601-79-12-21-5

Кітапқа академик Рәбиға Сыздықованың қазақ тілінің бүгіні мен болашағы, әдеби тіл, тілдік норма, орфографиялық, орфоэпиялық норма, қазақ тілінің емлесі, көркем аударма т.с.с. мәселелерге қатысты әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған мақалалары енген. Қазақ орфографиясы мен пунктуациясының қалыптасып, дамуына, тілдік норманың қалыптануына өлшеусіз еңбек еткен ғалымның ой-тұжырымдары бүгінде, латын негізді әліпбиге көшуге бет алып отырған кезде өте өзекгі болып отыр. Р.Сыздықованың тілдік нормаға қатысты ой-тұжырымдары емле ережелерін түзушілер үшін де, қазақ тілінің шырайын кетірмей, дұрыс сөйлеп, дұрыс жазуға талаптанған жалпы көпшілік үшін де маңызды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, көпшілік қауымға арналған.

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню