меню

Memlekettik tapsyrys

Шегебай Ә.Ақ жауын: Өлеңдер.Әлібек Шегебай. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2018,- 160 бет.

ISBN  978-601-200-624-7

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының және Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, ақын Әлібек Шегебайдың бұл жыр жинағына әр жыл- дары жазылған өлеңдері топтастырылған.

Кітапқа енген жырлардың айтар ойы астарлы, түйер тұжырымы терең, қозғайтын мұң-шері өзекті де жан-жақты. Өлеңдерде замана тынысы да байқалады, қоғам мен адам болмысындағы қырық құбылған мінездер де көрінеді, шындық үшін шырылдаған ақын жүрегінің жанайқайы естіледі. Әлібек Шегебай жырларының оқырман қауымға бұрыннан ұнайтын ерек- шеліктері - туған жерге, бала дәуренге, ізгілік әлеміне деген ынтық аңсар, сырлы лирика, сағыныш саздары да қатар өріледі.

Кітап жалпы әдебиетсүйер қауымға арналған.

Ахмедов Ғ.Жем бойында: Тарихи роман. Ғалым Ахмедов. - Алматы: «Жазушы» баспасы, 2018. - 328 бет.

 ISBN  978-601-200-622-3

Белгілі жазушы, аудармашы Ғалым Ахмедовтің бұл романына XIX ғасырдың орта тұсында еліміздің батыс өңірінде өріс алған тарихи оқиғалар негіз болған. Шығарманың басты кейіпкері - бүкіл өмірін қазақ халқының тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күреске арнаған атақты батыр Есет Көтібарұлы. Нақты деректерге құрылған роман оқиғаларының шынайылығымен де оқырманды тағылымды ойға бастайды.

Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 2 том: Гүлстанның бұлбұлдары.Жұлдыздар жарығы./Рахманқұл Бердібай.Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN  978-601-217-582-0

2-том: Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы. - 480 б.

Бұл томда түркі  әлемінің Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иасауи, Низами, т.б. түркі әлемі даналарынан бастап, басқа да Шығыс ақындарының, сондай-ақ туысқан елдер әдебиеттерінен түрік Юнус Емре, ұйғыр Біләл Назымдай алыптарын зерттеу, тәржімалау жұмысын жолға қою мәселелері, қазақтың Бұқар жыраудан бергі ұлы жыршы-жырауларынан бастап, Жамбыл Жабаев, Асқар Тоқмағамбетов сияқты әдебиет өкілдерінің шығармаларына жан-жақты, егжей-тегжейлі талдау жасалады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы, 3 том: Кәусар бұлақ. / Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқакұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN  978-601-217-582-0

3-том: Кәусар бұлақ. - 448 б.

Рахманқұл  Бердібайдың он томдық шығармалар жинағының үшінші томында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті кеңінен қарастырылып, салыстырылып, олардың бір- бірімен байланыстары, өзінен кейінгі әдеби дамуға игі ықпал жасап келе жатқандығы жайлы маңызды қорытындылар жасалынады.

Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 Бердібай Р.Он томдық шығармалар жинағы, 6 том: Тарихи роман / Рахманқұл Бердібай. Құрастырған Д.Ысқақұлы. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2018.

ISBN  978-601-217-582-0 6-том: Тарихи роман. - 432 б.

Бұл том қазақ тарихи романдарының теориялық, жанрлық сипаттарын, жеткен жетістіктерін саралауға, даму бағытын анықтауға арналған. Қазақ әдебиетін биік белеске көтерген М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясынан бастап, осы жанрда қалам тартқан  бірсыпыра қазақ қаламгерлерінің романдары талданылады, байыпты талдау жасалады. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню