меню

Memlekettik tapsyrys

Сыздықова Рәбиға. Қазақтың ғылым әлеміндегі алғашқы алыптар. 13-том. - Алматы,     Ел-Шежіре, 2018.-384 б. (жалпы)

Т.1З. - 2018. - 384 б.

ISBN  978-601-7912-20-8

Кітапта қазақтың алғашқы ағартушылары, ғылым-білім дүниесіндегі тұлғалар - Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатов, Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың еңбек жолы, шығармашылығы жайында Р.Сыздықованың әр жылдары жазылған еңбектері қамтылған. Академик Р.Сыздықова қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері, публицист, ақын Ахмет Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың өмірбаяны, қызметі, азаматтық бейнесі туралы тұңғыш зерттеп, сөз еткені, ахметтану, жұбановтану сияқты ғылым салаларын қалыптастырғаны белгілі. Кітап Ш.Уәлиханов, Х.Досмұхамедұлы, М.Дулатовтардың тілдік тұлғасы жайындағы тың деректерімен де құнды. Жинақ тіл білімі мәселелерімен айналысьш жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.

 Сыздықова Рәбиға. Қазақ тілінің анықтағышы. 12-том. - Алматы: Ел-шежіре, 2018. - 384 б.

Т12.-2018 - 382 б.

ISBN 978-601-7912-19-2

«Анықтағышта» қазақша дұрыс жазу, сөзді дұрыс айту (дыбыстау) ережелері түсіндіріледі, яғни емле, тыныс белгілері мәселелері талданып, қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық нормалары баяндалады. Кітапта жазылуы біршама қиындық келтіретін жеке сөздер мен тіркестердің сөздігі бар. «Анықтағыш» мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне, бұқаралық ақпарат құралдары саласында істейтіндерге, сондай-ақ қалың жұртшылықтың пайдалануына арналған.

Негимов С.Шығармалары. Бес томдық / С. Негимов. - Астана: Фолиант, 2018.

ISBN  978-601-338-133-6

Т.1: Шешендік өнер. - 400 б.

ISBN  978-601-338-132-9

Бұл томда қазақтың би-шешендерінің елшілдік, мемлекетшілдік істері, дипломатиялық қызметі, тапқырлық, көсемдік, ойшылдық, даналық болмысы, әлеумет алдындағы тұтқиылдан туған асыл ойларының, билік-шешімдерінің, алтын сөздерінің көркемдік-философиялық, этикалық, индивидуалдық қырлары, жалпыадамзаттық және қазақтың классикалық дәуіріндегі құндылықтар, ұлы идеялар, көзқарастар жүйесі зерделенеді.

Замана сыры, халықтың рухы, ұлттың көркемдік дүниетаным мен мәдениеті атақты би-шешендердің өнернамасында қалайша жарқын көрініс тапқаны нақты әдеби-мәдени, тарихи айғақтармен дәйектеледі. Сонымен қатар ұлттық шешендік өнер тарихы адамзаттық ортақ игі- ліктер мен әлем ойшылдарының дара пікір-байламдарымен бірлестікте әрі ежелгі замандағы мәдени-жаһандану үрдістерімен тұтастықта қарастырылады.

«Шешендік өнер» - қазақ көркем ойының энциклопедиясы, даналық дәрістерінің  әлемі.

Профессор С. Негимовтің «Шешендік өнер» кітабы жалпы сөз өнерін құрметтейтін көпшілік қауымға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналған.

Шәкәрім, әрі ұлы дарын, әрі Абайдың классикалық поэзиясын жалғастырушысы бола тұра, халықтың игілігі болып табылатын және жас ұрпақты изгілік пен адамгеріиілікке тәрбиелеуге септігін тигізетін, халқына ұлы әдеби мұра қалдырған. Ол - халық мақтанышы!

Будучи великим талантом и продолжателем классической поэзии великого Абая, Шакарим оставил народу огромное литературное наследие, являющееся народным достоянием, служащее воспитанию молодого поколения в духе гуманизма и человечности. Он - гордость казахского народа!

АМАНАТЫ АЛАШТЫҢ. Балаларға арналған энциклопедия. / Автор- кұраст.: Т.Қ.Шаңбай. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2018. - 248 бет.

ISBN  978-601-82678-7-7

«Аманаты Алаштың» балаларға арналған энциклопедиялық басылымның мақсаты XX ғасыр басында Қазақ Елінің тәуелсіздігі үшін күрескен Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегін жастарға үлгі ету. Алаш алыптары, Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алаш Орда үкіметі туралы жарық көрген еңбектер де, электрондық жүйеде ақпарат та бүгінде аз емес. Дегенмен Отанын сүйетін жастарға Алаш қайраткерлерінің елі үшін, халкы үшін басын бәйгеге тігіп күрескен ерлігін жүйелі түрде қысқаша жинақтап көрсететін арнайы басылымның қажеттігі анық. «Аманаты Алаштың» балаларға арналған энциклопедиясы осы мақсатта дайындалған.

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню