меню

Күлдібаев Е.Қ.

К83 Манаш Қозыбаев:өмір жолы мен ғылыми мұрасы (1985-2002)

        / Е.Қ.Күлдібаев. - Алматы: «Елтаным баспасы», 2018. - 224 б.

ІSВN 978-601-7849-29-0

Монографиялық еңбекте белгілі тарихшы, академик, ғұлама ғалым, ұстаз, қоғам қайраткері Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың кеңестік және тәуелсіздік кезеңдеріндегі өмір жолдары, қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұрасы жан-жақгы талданады. Ғалымның 1985 - 2002 жж. аралығында жарық көрген көне заманнан бастап, XX ғасыр басындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне, 20-50 жылдары кеңестік өкімет тарапынан жүргізілген тәркілеу, ұжымдастыру, қуғын-сүргін науқандарына, Ұлы Отан соғысы тақырыбына, желтоқсан оқиғасына, тұлғатануға қатысты еңбектерінің тарих ғылымы саласындағы маңыздылығы қарастырылып, ғылыми баға беріледі.

Кітап гуманитарлық ғылымдар саласы мамандарына, жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ, тұлғатану саласына қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналады.

 

 

меню