меню

Memlekettik tapsyrys

Ы.ОРАЗБАЙҰЛЫ.ҚҰСЫНИ ҒАЛАМ: Өлеңдер. / Ықылас Оразбай. - Астана: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2018. - 176 бет.

ISBN  978-601-80721-3-0

Ықылас Оразбайұлы - осы жинақпен жыр әлеміне қанат қаққалы отырған жас ақын. Оның өлеңдерінен туған жерге, өскен елге деген сағыныш лебі еседі. Қазақы болмыстың нәрін бойына сіңірген ақынның жырларының тілі шұрайлы, ойы көркем. Біз ақынның болашағынан оқырманға ой тастайтын орамды, жүрекке жылы, сезімі сырлы шығармалар күтеміз.

Кітап көпшілік оқырманға арналады.

ҚЫДЫРОВ Б.ЖЫР-ДӘУРЕН (Өлеңдер мен поэмалар). / Боран Қыдыров. - Астана: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығы, 2018. - 252 бет.

ISBN  978-601-80721-2-3

Ақын Боран Қыдыровтың бұл жинағына әр жылдарда жазған әр алуан тақырыптағы өлеңдері мен ғазелдері, қос тағандары, төрт тағандары және аңыз тақырыбына жазған поэмаларының  көбінің баспа бетінде жарық көргендері топтастырылып отыр. Кітап барша оқырман қауымға арналған.

 Елдес Омарұлы шығармалары. 1-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018.

ISBN 978-9965-23-453-5

Т. 1.-2018.-300 б.

Бұл томға Е.Омарұлының тіл білімінің түрлі мәселелеріне, жазу, емле, дыбыс, таңба, әліпби, тағы басқа да тақырыптарға арналған 31 мақаласы және «Синтаксис танытқыш» атты бұдан бұрын мүлде баспа бетін көрме- ген еңбегі еніп отыр. Қазақ жазуы мен емлесінің қалыптасуы, даму жо- лынан мол ақпарат, терең білім алғысы келген, мамандарға қазақ тілінің ғылыми синтаксисі, сөз тіркесі синтаксисі мен сөйлем синтаксисі туралы терең мағлұмат береді.

Кітаптың тіл мамандарына, сондай-ақ ғалымдарға, зерттеушілер мен ізденушілерге берері мол.

 Елдес Омарұлы шығармалары. 2-том. - Алматы: - «Лұғат» қоғамдық қоры. - 2018.

ISBN  978-9965-23-453-2

Т. 2.-2018. -500 б.

Бұл томға Е.Омарұлының «Жер заңы», «Ақы заңы», «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөздері» атты аудармалары енді. «Жер заңы» Кеңес Үкіметінің алғашқы жылдардағы Одақтас Республикалар аумағында жүр- гізген жер саясатын нақты көрсетеді. «Ақы заңы» - Кеңес Одағы азамат- тарының экономикалық қарым-қатынасын реттейтін, олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін көрсететін заңнамалық құжат. «Лениннің ұлт мәселесі тақырыпты сөзі» кітабында Ресейдегі Төңкерістен бұрынғы және Төңкерістен кейінгі ұлт мәселесінің жай-күйіне, сондай-ақ жаңа орнаған Кеңес Үкіметінің ұлт мәселесінде ендігі ұстанатын саясатының қалай болу керектігі көрсетілген.

Аудармаларда түрлі экономикалық, саяси, заң терминдері қазақша берілген және қазақ тіліне икемделген. Аудармалардың зерттеушілер мен аудармашы мамандарға, сондай-ақ қалың оқырмандарға берері мол.

 Боранбаев Ж.Дүние дүрмек:Өлең-дастандар. Жарылқасын Боранбаев. - Алматы:

«Жазушы» баспасы, 2018. - 304 бет.

ISBN  978-601-200-623-0

Екі ғасыр - екі дәуір куәгері болған ақын Жарылқасын Боранбаев бұл күндері жетпіс жасқа толып отыр. Бұған дейін де оның «Жанартаулар», «Көктем тынысы», «Жаздың жылы жаңбыры», «Мәңгілік өмір», «Маза- сыз маусым» т.б. жыр жинақтары мен «Бабай Түкті Шашты Әзиз», «Ыс- қақ баб», «Қарабура». «Тарихи тұғыр», «Едіге», «Созақ көтерілісі», «Қара шаңырақ қалған жұрт», «Шығыс шайырларының соңы - Шәді ақын», «Тума талант - Саттар Ерубаевтың туғанына 100 жыл» т.б. тарихи-та- нымдық кітаптары жарық көрген. Елге кеңінен танымал «Қазақы дастар- қаным», «Қоштасқым келмейді», «Сен екеуміз», «Неліктен» т.б. әндердің мәтінін жазған.

Ол Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері». 2011 жылы «Қазақстан» телеарнасы ұйымдастырған Тәуелсіздіктің 20 жылды- ғына арналған электронды дауыс беру арқылы анықталған жыр мүшәй- расының жеңімпазы, 2014 жылы 7 мартта Астанада өткен «Мәңгілік Ел» мүшәйрасының арнаулы сыйлығының жүлдегері.

Бұл жинақта қаламгер еліміздің Тәуелсіздік алған жылдарындағы көңіл күйін бейнелейтін шығармаларымен қоса, қария көңіл көкжиегімен қарағандағы Уақыт, Тіршілік, Жаратушы, Ел-жұрт сияқты мәңгілік құбылыстар мен жаратылыстарға арналған ой-толғаулары және нәзік лирикалық өлеңдері берілген. Сондай-ақ, жинақта бұрын-соңғы аты көп аталмаған Созақ көтерілісінің сардары «Салықбай батыр» туралы толғауы да тәуелсіздік дәуіріндегі жаңаша көзқараспен жырланған. Жинаққа «Құ- лагердің қазасы» атты дастаны да енгізіліп отыр. Кітап барлық оқырман қауымға арналған.

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню