Омарбеков Т.1929 - 1931 жылдардағы халық көтерілістері: Зерттеу. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2018. - 480 бет.
ISBN 978-601-291-384-2
Кеңестік тоталитарлық жүйенің қазақ халқына қарсы куғын-сүргін саясатының ең бір жантүршіктірер, сорақы қылмысы - жергілікті жерлерде орын алған халық көтерілістерін карудың күшімен қырып-жою әрекеті. 1929 - 1931 жылдары қазақ елінде жүргізілген байларды тәркілеуге, күштеп ұжымдастыруға және зорлап отырықшыландыруға - сталиншілдік қылмысқа қарсы тұрған Казақстанның біраз жерлерінен тұтанған- халық наразылықтары, бас көтерулері окырманға ұсынылып отырған осы кітапта тарихи нақты деректер негізінде жатық тілмен тартымды баяндалған. Бұл еңбектің алғашқы нұсқасы 1994 жылы «Зобалаң» деген атпен баспадан жарық көрген еді. Профессор Т. Омарбеков кітапты жаңа деректермен және мәліметтермен толықтырып, өңдеген нұсқасын жасап, оқырманға қайта ұсынып отырмыз.
Автордың бұл зерттеуі ұзақ жылдар бойы беймәлім болып, зерттеушілердің қолы жетпей, ОГПУ (Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың) архив қорларында сақталған кұпия да кұнды мәліметтерді талдау, салыстыру нәтижесі болып табылады. Кітапта пайдаланылған, негізінен орыс тілінде болып келетін, кұжаттарды қазақшаға автордың өзі аударғандықтан кұжаттардың ғылыми дәлдігіне кепілдік бере алады.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com