Кови Стивен Р. Жасампаз жандардынң 7 дағдысы: Тұлғаны дамытудың тегеурінді тетіктері. - Алматы: Ұлттық аударма бюросы. - 2018 жыл. - 352 бет.
ISBN 978-601-7943-27-1
«Жасампаз жандардың 7 дағдысының» тұңғыш басылымы осыдан ширек ғасыр бұрын жарық көрді. Содан бері Стивен Ковидің бұл еңбегі 13 мәрте жаңартылып, 40 тілге аударылды. 70-тен аса елде 30 миллион данамен таралған кітап №1 әлемдік бестселлер мәртебесін иеленді. Жақсы өмірдің кілтін іздеген жасөспірімнен бастап, ісін өрге домалатқысы келетін көрнекті кәсіпкерлер мен саясаткерлерге дейін қызыға окитын кітап миллиондаған адамның өмір сүру әдістемесіне айналды.
Алдыма қойған мақсатқа жетудің жолы қандай? Айналамен қалай қатынас жасаған абзал? Өзімнің де, өзгенің де ұпайын түгел ететін ұтымды өмірлік ұстаным бола ма? Маңызды әрі шұғьл шаруаның қайсысына алдымен кезек берген жөн? Күн сайын көлденең келетін жаңа сынақтарға төтеп беру үшін өзімді қалай жетілдіремін?
Әрқайсымызды мазалайтын осы секілді сұрақтарға жауап беруге талпынатын кітап көп-ақ. Соның бірі де, бірегейі - төрткүл дүниені түгел мойындатқан «...7 дағды».
Послание Президента Республики Казахстан Н.Назарбаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com