Әбдірахманов С. Ә., Куанышбаев С. Б., Шарапханова Ж. М.
Қазақстанның тарихи географиялық атауларының каталогы.- Алматы, 2016. - 552 б.
Қазақстанның тарихи географиялық атауларының каталогын құрастыру үшін XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресейдің егін шаруашылығы мен жерді пайдалану бас басқармасына қарайтын Қоныс аудару басқармасының Қазақстанды зерттеген кептеген статистикалық, экспедицияларының материалдары пайдаланылды. Уездер бойынша қазақ халқының жер пайдалануын зерттеудің, негізгі мақсаты артық жерлері болса оны отарлау және Ресейдің түпкі губернияларынан жері жоқ шаруаларды бос жатқан жерлерге көшіру еді.
Зерттеу нәтижесінде әр уезд бойынша қазақтың жерді пайдалануы туралы бір-екі том шығарып, онда табиғи жағдайлары, қоныстану тарихы, халқының саны, жерді пайдалануы, жалпы шаруашылық, мал мен егін шаруашылығы, су көздері, жер суару, кәсібі және тағы басқа мәселелер баяндалады. Топонимика үшін ең маңызды дерегі жеке ауылдардың статистикалық ақпарат кестесі. Онда әрбір болыс пен әкімшілік ауыл бойынша шаруашылық ауылдың (қыстаудың) ақсақалдарының аты мен тегі, қыстау орналасқан қоныстық географиялық атауы және тағы басқа көптеген деректер келтірілген. Каталог жасау үшін тек қоныстың атауы ғана таңдап алынды. Олар географиялық объектілердің эндонимі және өте құңды топонимикалық дереккөз болып саналады. Каталогта облыстар, уездер, болыстар, қыстаулар атаулары пайдалануды жеңілдету үшін өте мұқиятты түрде алфавит бойынша орналастырылды. Қазақ атауларының қазақ тілінде дұрыс жазылуымен қатар орыс тіліндегі формасының дұрыс транслитерациясы берілді.
Каталог топонимика және онымен байланысты география, картография, геодезия, тіл білімі, тарих және басқа ғылым мамандарына, сонымен қатар тарихи атауларды қалпына келгірумен шұғылданатын ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық орындаушы және өкілетті органдар қызметкерлері мен ономастикалық комиссиялар мүшелеріне және топонимика ғылымына қызығатын әрі оған қатысы бар оқырманға арналған.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
10 приоритетов развития Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com