Пірәлі Г. Ж.
М.О. Әуезовтің беймәлім мұралары (баяндамалары, хаттары, оқулықтар). Монография. - Алматы: «Қоңыр» баспасы, 2021. -300 б.
ISBN 978-601-08-0807-2
Монографияда ғұлама ғалым, көрнекті суреткер М.Әуезовтің өткен дәуірде жазылса да, айтылса да құнын жоғалтпайтын асыл ойлары қазақ әдебиеті мен мәдениеті, өнері, киносы, ғылымы, сыны туралы ғылыми теориялық тұжырымдары, парасатгы пікірлері, философиялық ойлары, салиқалы сөздері, әдеби-ғылыми дискурстары, қазақ әдебиеті тарихы мәселелері өзек етілген хаттары, мектеп оқушыларына арналған оқу- лықтары бүгінгі күн талабы бойынша жаңаша сарапталады. Жазушының бұрындары ғылыми айналымға түспеген тың мәтіндері арнайы зерттеледі. М. Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымы мен көркем әдеби сыны туралы айтқан сөздері, энциклопедиялық білімі, ғылыми қағидалары ұлт әдебиетін қалыптастырып, дамытуға қосқан қомақты үлесі, қымбат қазынасы, қазақ руханиятында құнды мұра екені мәлім. Бұл материалдар жазушының елу томдық толық академиялық жинағында алғаш рет жарияланғанымен ғылыми айналымға енді ғана енген мәтіндер.
Жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды және тың тарихи, ғылыми маңызы бар әдеби деректер көптеп кездесетін монографияны қазақ әдебиетін зерттеушілері, гуманитарлық оқу орындарының окытушылары оқу құралы ретінде қолдануға болады.
Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.
Пірәлі Г.Ж.
Қазақтың қаламгер қыздары. Шығармашылық портреттер мен зерттеулер./ Г.Ж. Пірәлі - Алматы: «Қоңыр» баспасы, 2021. - 342 бет.
ISBN 978-601-08-0806-5
Бұл жинақ «Арулар айтқан асыл сөз» сериясымен жарияланған филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлзия Жайлауқызы Пірәлінің «Қазақтың ғалым қыздары» атты еңбегінің жалғасы. Алғашқы жинақта еліміздің рухани құндылықтары жолында табанды еңбек етіп, өздерінің бүкіл саналы ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың аяулы қыздары Ләйлә Мұхтарқызы Әуезова, Шәмшиябану Сәтбаева, Рәбиға Сыздықова, Мая Бағызбаева, Үшкілтай Субханбердина, Алма Қыраубаева, Сара Күзембаева, Асылы Османның шығармашылық өмірбаяндары зерттелсе, «Қазақтың қаламгер қыздары» атты жаңа еңбекте қазіргі ұлт әдебиетіндегі әдеби үрдіс, сөз өнеріндегі жаңа бағыттар, жанрлық, стильдік, эстетикалық ізденістер, көркем сындағы соны көзқарастар т.б. қаламгер қыздардың шығармашылықтары арқылы талданады.
Кітап әдебиет сүйер қауымға, студент жастарға, жалпы сөз өнерінің құн- дылықтарына қызығушы жұртшылыққа арналған.
Биология сабақтарында этнопедагогика элементтерін колдану:
Оқу-әдістемелік құралы. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат» баспасы, 2021.-134 б.
ISBN 979-601-353-007-9
Биология сабақтарында этнопедагогика элементтерін қолдану атты бұл оқу-әдістемелік құралына докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері енді. Оқу құралы орта мектептің биология пәнінің мұғалімдеріне, жоғары оқу орнының оқытушыларына және көпшілік оқырман қауымға арналады. Этникалық тәрбиенің әдістері - тарихи қалыптасқан халық тәрбиешілерінің жетілген жеке тұлғаның бойында білім, білік дағдылары мен тиісті қасиеттерді қалыптастыру мақсатымен әсер ететін жолы.
Оқу-әдістемелік құралындағы кеткен кемшіліктерге айтылған сын пікірлер болса, оларды ризашылықпен қабылдаймыз.
ИНТЕГРИРОВАННОЕ УПРАВЛЕНИЕ БЫТОВЫМИ И ПРОИЗВОДСТВЕННЫМИ ОТХОДАМИ (на примере Туркестанского региона): /монография/ А.Д.Акбасова, Г.А.Саинова, О.А.Исаков. -Алматы: «Нұрлы Әлем», 2020. -240 с.
ISBN 978-601-205-648-8
В монографии рассмотрены современные методы снижения экологической нагрузки полигонов твердых бытовых и промышленных отходов на окружающую природную среду, показана возможность сокращения количеств депонируемых на полигонах отходов на основе их непосредственного использования или переработки с получением товарных продуктов различного назначения. Сделан акцент на поиск и расширение областей применения производственных отходов одного производства в качестве сырья для другого производства.
Монография предназначена для широкого круга научных, научно- педагогических работников. Может быть полезна докторантам, магистрантам и студентам вузов, изучающих вопросы охраны окружающей среды и рационального использования отходов в качестве вторичных ресурсов.
Жексебаева Б.
Аманат: Мақалалар, зерттеулер, өлеңдер, айтыстар, әңгімелер. /Б. Жексебаева. - Алматы: Шалкөде, 2021. - 164 бет.
ISBN 978-601-7262-36-5
Жинақтағы материалдары ұсынған Шығыс Түркістан қазақ әдебиетін зерттеуші, ағартушы, жазушы-ақын, ҚазССР Ағарту ісінің үздігі марқұм Тілеужан Сақаловтың сүйікті жары Бөпен Жексебаева Сақал келіні.
Кітапта Т.Сақаловтың көрнекті жазушы Сәбит Мұқановпен кездесуі, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар ақын Көдек Байшығанұлы туралы әдеби зерттеуі және өзінің жеке өлеңдері, шағын әңгімелері, айтыскер ақын Ізбасардың айтысы, ақын Естеу Нүсіпбековтың өлеңдері мен естеліктері енген.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Акимбеков С.
Казахи между революцией и голодом. - Алматы: ТОО «Институт Азиатских исследований», 2021. - 584 с.
ISBN 978-601-08-0570-5
Книга посвящена периоду истории Казахстана с момента начала революции в России в феврале 1917-го и до 1936 года, когда Казахская автономная республика вошла в состав СССР в качестве союзной республики. Этот период включает в себя политические процессы в России в 1917 году, в результате которых возникло казахское политическое движение, а также приход власти большевиков с декларируемой ими национальной политикой, время гражданской войны и создание Казахской Автономной Советской Социалистической Республики в составе РСФСР. Затем в книге рассматриваются ее история в 1920-е годы и попытки проведения в СССР процессов модернизации, которые привели к тяжелейшей ситуации с голодом начала 1930-х годов. Книга предназначена для специалистов и широкой аудитории, интересующейся историей.
Мәдімарұлы С.
Тұранның тұғырлы тұлғасы. Алматы: «Үш Қиян», 2020. 272 бет.
ISBN 978-601-80803-0-2
Бұған дейін бірнеше кітаптарымен оқырман қауымға танылған Сауытбек Мәдімарұлының бұл кітабына танымдық сипаттағы шығармалар топтастырылған. Алаштың даңқты ұлы - Тұрар Рысқұловтың өміріне қатысты еңбегі де қоса беріліп отыр. Автордың бұл туындылары үлкен ізденістің, қажырлы еңбектің нәтижесі деп білеміз.
Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Көрнекті антрополог Оразақ Смағұловтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Оразақ Смағұлов - Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (Алматы қ., 2020 жылғы 5 қараша)
/бас ред. З.Е. Қабылдинов, жауапты ред.-құраст. А.Т. Абдулина. - Алматы, 2020. - 183 б. + 27 б. жапсырма
ISBN 978-601-7342-43-2
Аталған жинақ көрнекті антрополог Оразақ Смағұловтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Оразақ Смағұлов - Қазақстан антропология ғылымының негізін қалаушы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2020 жылғы 5 қараша) материалдары бойынша әзірленді. Кітапта академик О. Смағұловтың қазақ этносы генезисінің аспектілерін антропологиялық зерттеудегі үлесі жөнінде және Қазақстан антропология ғылымының дамуы, қазіргі жағдайы туралы мақалалары мен материалдары берілген. Сонымен қоса, басылымға қазіргі кезеңдегі этнология, тарих ғылымдарының өзекті мәселелеріне арналған маңызды жарияланымдар да еніп отыр. Ғылыми материалдар жинағы антрополог, этнолог, тарихшы, мәдениеттанушы мамандарына және көпшілік оқырман қауымға арналған.
Ащысай - Кентау тұрғындары өміріндегі әлеуметтік-мәдени бірегейлік (1927 ж. - XXI ғ.б.). Ұжымдық монография
/Авторлары: Қойгелдиев М.. Мырзатаева 3., Далаева Т., Пазилов Е.
/М.Қойгелдиевтің редакторлығымен. - Алматы: ИП «Балауса» баспасы, 2020. - 464 б.
ISBN 978-601-7984-91-5
Советтік ірі өндіріс ошақтарының бірі болған Ащысай полиметалл комбинаты бүгінде қызметін тоқтатқан. Советтік тарихымызда ірі өнеркәсіп орындары қатарында болған ұжым мен оның негізінде қалыптасқан Кентау қаласы кезінде үйлесімді өркен жайған экономикалық-әлеуметтік кешен ретінде аталды. Кітапта міне, осы кешен тұрғындары өміріндегі (1927 ж. - XX ғ.б.) әлеуметтік-мәдени бірегейлік тарихы зерттеу тақырыбы ретінде алынған.
Зерттеуге дерек көзі ретінде ресейлік, қазақстандық және өңірлік архив қорларындағы фактілік материалдар, сондай-ақ естеліктер (мемуарлық, тарихи сұхбат арқылы алынған) дерек көзі ретінде айналымға тартылды.
Монография оқу орындарындағы шәкірттерге, магистрант, докторанттарға, отан тарихына қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Музей литературы и искусства имени Бухар жырау
Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com