меню

 

Егеубай Асқар. Таңдамалы шығармалар жинағы: 3 томдық. Т.1: Өлеңдер мен толғау, балладалар. – Алматы: Өлке, 2005. – 384 б.

Асқар Егеубайдың таңдамалы шығармалар жинағының бірінші томына өлең, балладалары мен соңғы жылдарда жазған поэзиялық шығармаларының үздік туындылары жинақталды.

Сыршылдық пен интеллектуалдық сипатты бірдей сіңірген ақын жырлары өзіндік ізденістерімен, мазмұн байлығымен дараланады. Ақынның қолтаңбасы қазіргі жыр әлемінде дара қаламгерлік сипатымен ерекшеленеді.


Егеубай Асқар. Таңдамалы шығармалар жинағы: 3 томдық. Т.2. Дастандар мен поэмалар. – Алматы: Өлке, 2006. – 272 б.

Көрнекті ақын Асқар Егеубайдың таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына поэмалары мен дастандары топтастырылды. Ақын дастандары «Қыран ғұмыр» (М.Әуезов өмірі туралы), «Сфинкс», «Сарыарқа», «Ойлан, қазақ», «Желтоқсан», «Астана», «Шу батыр», «Аламан», «Сарайшық», «Бағдат хиқаясы», «Тайқазан», «Мыс шаһары» (Бағдат хиқаясы), «Жыл басы» «Махаббат кітабы», «Дүние жалған, жан жалғыз» т.б. Қазақ елінің қилы тағдырын бейнелеген тарихи деректерге бай, көркем поэтикалық туындылар.

Қазақ даласындағы қалалар тарихы мен тағдырын толғаған дастандар жүйесі өз алдына бір көркемдік поэтикалық желіс құрайды. Ел мен жер, қоғам, замандас жайлы философиялық ой орамдары суреткерлік дүниетаным кеңдігімен тартымды.


Егеубаев Асқар. Мөлдір тұма: Поэма мен өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1977. – 72 б.

Жас ақынның тұңғыш жинағына бір топ өлеңдері мен «Қыран ғұмыр» атты поэмасы енген. Автор лирикалық жырларында заман және замандас жайлы, туған жер табиғаты, жастық жайлы ой толғайды. Ал дастанда ұлы суреткер Мұқтар Әуезов өмірінің бір сәтін ала отырып, өнер мұраты, ұрпақтар мираскерлігі, дәстүр тағлымы хақында сыр шертеді.

Өлеңдерінің тілі орамды, айшықты.


Егеубаев Асқар. Жүректегi жұлдыздар: Өлеңдер. – Алматы: Жалын, 1979. – 72 б.

Жас ақынның бұл жинағына жаңа өлеңдер мен толғаулары топтастырылған. Өлең формасы, тіл орамдары жағынан ақынның творчестволық жаңа ізденіс іздерін тануға болады. «Разливтегі таң» атты топтама өлеңдер жинақтың тақырыптық, идеялық ажарын аша түскен.

Аскар Егеубаев жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне қатысты.


 

Егеубаев Асқар. Құс жолы: Өлеңдер мен балладалар. – Алматы: Жалын, 1982. – 120 б.

Асқар Егеубаев жас жазушылардың Бүкілодақтық VII кеңесіне, ақындар мен сыншылардың бірқатар Бүкілодақтық, республикааралық кеңес, фестивальдарына қатысқан. Әдеби сын, поэзия жанрларында көп еңбектеніп, ізденіп жүрген жас. «Жалынның» жабық бәйгесінің жүлдегері. «Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар» атты өлең, поэма жинақтарының, жетпісінші жылдардағы қазақ поэзиясы туралы «Сыр мен сымбат» атты сын кітабының авторы.

Ақынның жаңа жинағында ел мен жер, азаматтық, жастық шақ жайлы жаңа жырлары топтастырылған.


 

Егеубай Асқар. Әдiлет: Өлеңдер, балладалар, поэмалар. – Алматы: Жалын, 1990. – 240 б: ил.,1п. порт.

Бұл кітап кешегі қилы кезең құрбандары бастан кешкен қиын тағдыр. бүгінгі революциялық өзгерістер, жариялылық заманы жайында сыр шертетін толғаныстардан тұрады. Ақын өлеңдерінен жаңаша ойлау лебі еседі.


Егеубаев Асқар. Аламан: Дастандар кiтабы. – Алматы: Тұлға, 1996. – 212 б: 1п. порт.

Белгілі ақын, ғалым Аскар Егеубаевтың жаңа кітабына соңғы жылдары жазған бұрын жарияланбаған поэзиялық шығармаларының ең жақсылары жинақталды. «Желтоқсан», «Аламан», «Өліара», «Ойлан, қазақ!» дастандарында ақын қазақ елінің тәуелсіздіктің ұлы жолындағы күрделі тағдыр, қайшылықты жаңғыру тынысын поэзия тілінде толғаса, заман- дастарымыздың сырлы сезімін, келісті адамгершілік келбетін сыршыл жыр сазына түйген «Мың бір түннен соң...» деп аталатын сыр дастаны мазмұн-мәнері жағынан өзгеше бөлек кітап.

Асқар Егеубаевтың интеллектуальды поэзия мен сыршылдық толқынын жарасымды өретін өз мәнері оқырмандарға жақсы таныс.


Егеубаев Асқар. Аламан: Поэма. – Алматы, 2000. 32 б.


 

ЕгеубаевАсқар. Тайқазан: Дастандар мен өлеңдер. – Астана, 2003. –  288 б.

Көрнекті ақын, әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубайдың жаңа поэзия кітабына қазақ даласындағы қалалар тарихы мен тағдырын толғаған дастандар желісі қосылды. Ел мен жер, қоғам, замандас жайлы лирикалық өлеңдері, философиялық ой орамдары талантты суреткерлік ізденістің жаңа қырларын танытады.

Ақынның сыршылдық пен интеллектуалдық өрені жарасымды ұштастырған шығармалары, әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасы қазіргі жыр әлемінде дара қаламгерлік сипатымен ерекшеленеді.

«Тайқазан», «Шу батыр», «Мыс шаһар (Бағдат хиқаясы)», «Жылбасы» дастандары мен қазіргі замандас сырларын толғаған өлеңдері Қазақ Елінің жаңғыру, қайта өрлеу дәуірінің жыр шежіресі ретінде құнды туындылар.


 

Егеубаев Асқар. Сыр мен сымбат: Қазiргi қазақ поэзиясы туралы толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1981. – 226 б.

Асқар Егеубаевтық бұл кітабы тұтасымен бір мәселені - қазіргі қазақ өлеңінің жай-күйін қарастырады.

Автор соңғы он жыл шінде жарық көрген елеулі шығармаларды талдау елегінен өткізе отырып, поэзияның жанрлық ерекшелігі жайлы, жаңашылдық, шеберлік, уақыт және қаһарман, эстетикалық мұрат, ақындық дүниетаным тұрғысында ой толғайды.Әсіресе, әдебиетке жетпісінші жылдары келіп қосылған кейінгі толқын өкілдерінің өлең өлкесіндегі ізденістері туралы сөз - еңбектің өзекті арқауы.

Жас сыншының «Сыр мен сымбат» кітабы композициялық тұтастығымен, көтерген мәселелерінің көкейтестілігімен ғана емес, кең толғамдарымен де ерекшеленеді.


Егеубаев Асқар. Сөз жүйесi: Сын кiтабы. – Алматы: Жазушы, 1985. – 278 б: порт.

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, сыншы Асқар Егеубаевтың жаңа кітабының түпқазығы - қазіргі қазақ әдебиетінің түбегейлі мәселелері жайында толғаныс.

Атап айтқанда, алғашқы бөлімде бүгінгі прозамыздың даму бағдары мен жанрлық ерекшеліктері қарастырылса, «Сымбаты бөлек сырлы сөзде» қазақ өлеңі туралы толғаныстары топталған. Әдебиетіміздің Ә. Тәжібаев, О. Сүлейменов, М. Мақатаев секілді көрнекті қайраткерлерінің суреткерлік келбеті және сын сымбаты мен шеберлік сыры хақындағы ойлар үшінші, төртінші бөлімдерде.


Егеубаев Асқар. Кiсiлiк кiтабы: Ғылыми эссе. – Алматы : Ана тiлi, 1998. – 320 б.

Белгілі ақын, ежелгі түркі әдебиетін зерттеуші ғалым Асқар Егеубаевтың бұл жаңа кітабы көне түркі әдеби ескерткіштерінде терең із қалдырған ұлттық сындарлы сипат-нышандарды танып, талдауға арналған. Автор ежелгі жазбалардағы түркі жұртының тұрмыс, мінез-құлык, дәстүріне, коғамдық тіршілігіне тікелей қатысты маржандай шашырап жүрген бояуларды ақындық, эстетикалық көзқарас тұрғысынан талдап, халқымыздың ежелден тамыр байлаған ұлттық, рухани бет-бейнесін бедерлеуге ұмтылған.


Егеубай Аскар. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің көркемдік жүйесі (X-XII ғасырлар: көркемдік-эстетикалық ізденістер мен түрленулер): Монография. – Алматы: Айкос, 1999. – 204 б.

Ғалым, ақын А. Егеубаевтың бұл зерттеу еңбегі қазақ әдебиетінің келелі мәселелеріне арналған. Автор ежелгі дәуір әдебиетінің көркемдік жүйесін саралап, талдай отырып, оның қазақ әдебиетіне ұласу, тарихи түрлену үрдісін зерделейді. Поэтиканың тарихилығы, көркемдік жүйенің эволюциясы барынша терең айқындалып, нақты деректі мысалдармен дәйектелген. Қазақ, халқының мәдениетіне, этнологиясы мен этнографиясына тән мазмұнды деректер мол.


Егеубай, Асқар. Құлабыз: (Поэтиканың тарихилығы): Монография: – Алматы: Жазушы, 2001. – 216 б.

Ақын, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубаев түркі дүниесі әдеби мұраларының поэтикасын жүйелі зерделеп, көптеген зерттеу еңбектерін жарыққа шығарды.

«Құлабыз» атты жаңа кітабында автор қазақ, түркі әдебиеті тарихы мен теориясының көкейкесті мәселелерін толғайды. Ежелгі түркі дәуіріндегі әдебиеттің көркемдік жүйесін саралап, талдау арқылы қазақ әдебиетінің поэтикалық жаратылысына ой жібереді. Поэтиканың тарихи эволюциясын сипаттап керсетеді.


Егеубай, Асқар. Жүсiп Баласағұн: Роман-эссе. – Алматы: Арда, 2005. – 312 б.

Бұл еңбек әлемге мәшһүр рухани мұралардың бірі – "Құтты білік" энциклопедиялық дастанын жазған Жүсіп Баласағұн туралы. Даланың дана перзенттерінің бірегейі Жүсіптің түркі халқының мәдениеті мен әдебиеті, дүниетанымы мен ел билеу жүйесі т.б. қасиеті жайында айтқан асыл ойлары мен ғұмырбаяндық тағдыр-талайы тарихи кезең суретімен қабыстырыла өріледі.


Егеубай Асқар. XX ғасырдың екi сағаты: Өлеңдер мен дастандар. – Алматы: Атамұра, 2005. – 176 б.

Көрнекті ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубайдың жаңа кітабына соңғы жылдары жазған поэзиялық шығармаларының таңдаулылары топтастырылды.


Баласағұн Жүсiп. Құтты бiлiк: Көне түрк тiлiнен ауд., алғы сөзі мен түсініктерін жазып, баспаға дайынд. А.Қ. Егеубай. – Алматы : Өлке, 2006. – 452 б.

«Құтты білік» («Құтадғу біліг») - әлем өркениетінен мәңгілік орын алған ақылман дастан XI ғасырда қазақ жеріне жазылған, түрк тектес халыктардың тұңғыш классикалық шығармасы. Заманында ирандықтар - «Туран шахнамасы», Шын жұрты - «Хандардың әдеп-қағидалары», машыңдықтар - «Мемлекеттің дәстүрі», күллі шығыс «Өмір зейнеті», «Падишаларға насихат» деп таныған, ал осы кітапты дүниежүзі санасының асыл қазнасына қосқан түрік жұртының өзі «Құтты білік» деп атап, әзіз кітап - ұлылықтың негізі деп білген. Бұл этико-философиялық, парасат пен ақыл-ой сұлулығын ұрпақтан ұрпаққа мұраға қалдырған еңбекте жар таңдау, бала тәрбиесі, ақыл-білім біліп, тіл ұстар тудан бастап елдік құру, мемлекет түзу, ел басқаруға дейінгі өмірлік, әлеуметтік мәні аса зор мәселелер жырланған.

«Құтты білік» қазақ тіліне тұңғыш peт аударылып, 1986 жылы жеке том болып жарияланған еді. 1989 жылы Пекиннің «Ұлттар» баспасы осы қазақша аудармасын араб әрпімен екінші кайтара шығарды... Қолдарыңыздағы кітап дастанның зерттеліп-зерделеніп өңделген. түпнұсқасымен тағы бір салыстырып дайындалған үшінші басылымы. Бұл кітап осыдан он ғасыр бұрынғы елдік, халықтық қасиетімізді толық танытатын еңбек.


Егеубаев Асқар Құрмашұлы: Биобиблиографиялық көрсеткіш / Құраст. Г.Қ. Егеубаева, Л.Д. Әбенова, Н.К. Қосаева; Жауапты ред. К.К. Әбуғалиева; ҚР БҒМ, Ғылым комитеті. ОҒК. – Алматы, 2007. – 176 б. – "Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы".

"Қазақстан ғалымдарының биобиблиографиясы" сериясының жалғасы болып табылатын бұл көрсеткіш көрнекті ақын, әдебиет сыншысы, аудармашы, педагог, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құрмашұлы Егеубаевқа арналған.

Биобиблиографияға А.Қ. Егеубаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектерін сипаттайтын мәліметтер, оның өз еңбектері және ол туралы жазылған әдебиеттер енгізілген.

Көрсеткіш материалдары хронологиялық тәртіппен орналасқан. Әр жыл көлемінде алдымен қазақша, одан кейін орыс тілінде жарияланған еңбектері әліпби ретімен енгізілген.


Егеубаев А. Движение: Стихи, поэма / Пер. с каз. – Алма-Ата: Жазушы, 1989. – 128 с. ил., портр.

Поэзия Аскара Егеубаева полна динамики, полета, движения, постоянных изменений как в душе лирического героя, так и в окружающем мире. Поэт касается общечеловеческих тем, создает образ сегодняшнего дня, но каждое его слово являет нам именно казахского поэта, устами его говорит степь, наполненная рокотом космодрома, гулом бегущих коней, шорохом весенних трав и неторопливой речью влюбленных.


ЕгеубаевАсқар. Желтое настроение: Стихотворения / Пер. с каз. М. Исенова. – Алматы: Общественный фонд «Мусагет», 2008. – 84 с.

Асқар Егеубаев, доктор филологии, автор романа-эссе о Юсуфе Баласагунском, автор книг «Тай Казан», «Чу-Батыр» (на казахском языке), «Движение» (на русском языке) и других, лауреат премии Ленинского комсомола (1984), ряда других премий, поэт, философ.


Егеубай А. Жусуп Баласагуни: Роман-эссе / Перевод с каз. языка Б. Джилкибаева. – Алматы: Раритет, 2011. – 320 с.

Это произведение посвящено всемирно известному учено­му и поэту Жусупу Баласагуни, автору бессмертного шедевра «Благодатное знание» – уникальной энциклопедии культуры и литературы тюркского народа, его обычаев, верований, традиций, мировоззрения в эпоху раннего Средневековья. Глубокие теоретические мысли автора сочетаются с живым художествен­ным видением того далекого времени.


Егеубай Аскар. Жусуп Баласагуни: Роман-эссе / Пер. с каз. языка Б. Джилкибаева. – Алматы: Раритет, 2013. – 400 с.

Это произведение посвящено всемирно известному уче­ному и поэту Жусупу Баласагуни, автору бессмертного шедевра «Благодатное знание» - уникальной энциклопедии культуры и литературы тюркского народа, его обычаев, верований, традиций, мировоззрения в эпоху раннего Средне­вековья. Глубокие теоретические мысли автора сочетаются с живым художественным видением того далекого времени.


 

Nazarbaev 2017

ПЕРВЫЙ ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - ЕЛБАСЫ

ПОСЛАНИЕ


ПРЕЗИДЕНТ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана


gylymorda embl

 


Музей литературы и искусства имени Бухар жырау


logo

logo

Антиплагиатная система Strikeplagiarism.com

 

 

Полнотекстовые электронные ресурсы Центральной научной библиотеки

меню
меню