Сарсенбаева З.Н.
Этнос және кұндылықтар. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты, 2018. -312 6.ISBN-978-601-06-4936-1
Жұмыста этностың құндылықтық болмысының онтологиялық негіздері және оның дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі, сонымен қатар қазіргі кезеңнің жаһанданулық және жаңғырулық үдерістерінің аясындағы құндылықтық әлемінің ерекшелігі қарастырылады. Автор әлеуметтік-философиялық, тарихи-философиялық және аксиологиялық тұрғыларға сүйене отырып, этносфера мен мәдениеттің дамуындағы құндылықтық қатынастардың рөлін бағамдайтын этникалықтың онтологиясын тұжырымдап, зор әлеуметтік қуатқа ие этностық кұндылықтық өлшемдерінің бірегейлігін өрнектей алған.
Қазақ мәдениетіндегі адам болмысының негіздерінің құндылыктық өлшемдерін талдауға ерекше назар аударылады. Этностыққұндылықтық өлшемдері мәселесін әзірлемелеу полиэтникалық әлеуметтің кұндылықтық топтасуының, мәдениетаралық коммуникациясының, мәдениеттер сұхбатының, ұлттық төлтумалық пен бірегейлікті сақтау мен дамытудың міндеттерін шешуге бағдарлайды.
Жұмыс ғылыми кызметкерлерге, қазіргі қоғамның дамуының философиялық, әлеуметтік, мәдени және саяси мәселелерін талдаумен қызығатын оқырмандарға арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы