«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Тіл біліміндегі цифрлық технологиялар: қазақ тілінің ұлттық корпусын құру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға ғалымның еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.

Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов13 қарашада1937 жылыАлматы қаласындатуған, филологияғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі Құдайберген Қуанұлы Жұбановқазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.

Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы, өзі де сом асыл – мықты ғалым, атаулы азамат, үлгілі ұстаз Асқар Құдайбергенұлы қазақ халқы мақтанышпен қастерлеп атайтын Жұбановтар әулеті деген қымбат атты жоғары ұстап, кейінгі ұрпақтарға жеткізе білді.

2004 жылы Жоғары аттестациялық комитеттің шешімімен Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор ғылыми атағын алды.

Көрмеден ғалымның ғылыми еңбектері және ол туралы жазылған материалдармен танысуға болады.

 

                

 Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


блог333 1

“Ғылым ордасы” РМК
бас директоры
Төлтаев Бауржан Төлтайұлы

gylymorda embl 


 Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo