«Ғылым ордасы» Орталық ғылыми кітапханасы Филология ғылымдарының докторы, профессор Асқар Құдайбергенұлы Жұбановтың – 80 жасқа толған мерейтойына арналған «Тіл біліміндегі цифрлық технологиялар: қазақ тілінің ұлттық корпусын құру» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға ғалымның еңбектерінен кітап көрмесін ұйымдастырды.
Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов13 қарашада1937 жылыАлматы қаласындатуған, филологияғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған. Әкесі Құдайберген Қуанұлы Жұбановқазақ тілінің теориялық негізін қалаушы, тіл білімінің тұңғыш профессоры.
Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы, өзі де сом асыл – мықты ғалым, атаулы азамат, үлгілі ұстаз Асқар Құдайбергенұлы қазақ халқы мақтанышпен қастерлеп атайтын Жұбановтар әулеті деген қымбат атты жоғары ұстап, кейінгі ұрпақтарға жеткізе білді.
2004 жылы Жоғары аттестациялық комитеттің шешімімен Тіл білімі мамандығы бойынша Профессор ғылыми атағын алды.
Көрмеден ғалымның ғылыми еңбектері және ол туралы жазылған материалдармен танысуға болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы