Menu

Құрметті оқырмандар! Орталық ғылыми кітапхана демалыс және мереке күндерінен басқа, аптасына бес күн (дүйсенбі- жұма) сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін және сенбі күні сағат 10-00-ден 17-00ге дейін оқырмандарды қабылдайды.Әр айдың соңғы бейсенбі күні тазалық күні. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

Қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, Қазақ ССР Ғылым академиясының ірге тасын қаласқан, халқымыздың аты әйгілі түрколог-ғалым. Қазіргі Шымкент облысының Созақ ауданындағы "Сызған" совхозында 1907 жылдың 15 ақпанында туған.

Қ. Кеңесбаев көптеген қоғамдық жұмыс пен шұғылданды: Шетелдегі отандастармен мәдени байланыс жасайтын қазақ "Отан" қоғамы президиумының председателі, Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы председателінің орынбасары, Түркологтардың совет комитетінің мүшесі, сондай-ақ ол ССР ҒА Әдебиет пен тіл бөлімшесінің жанындағы "Социалистік ұлттардың дамуына байланысты ұлт тілдерінің даму заңдылығы" жөніндегі және Қазақ ССР ҒА Қоғамдық ғылыми бөлімшесінің жанындағы "Қазақ тілінің даму заңдылығы " жөніндегі ғылыми кеңестердің мүшесі. Көп жылдан бері "

Советская тюркология", "Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Филология сериясы" секілді журналдардың редколлегия мүшесі. Ұзақ жыл бойы соңғы аталған журналдың жауапты редакторы болып істеді. Осындай жан-жақты ғылыми-педагогикалық қоғамдық қызметін үкіметіміз жоғары бағалап Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз орденімен және бірнеше медальдар мен, Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградтады. Ең алғаш " Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері" атағын алған ғалымдарының бірі. "Ғылым ордасы" РМК орталық Ғылыми кітапхана қорында бар Ғалымға арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның өмірі мен шығармашылығы және де ол туралы жазылған әдебиеттер қойылды.

 

   

  Nazarbaev 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ

ЖОЛДАУ


Tokayev 2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

 

ҚР БҒМ ҒК "Ғылым ордасы" шжқ рмк бас директоры

Абубакирова Лейла Пернебайқызы

 


gylymorda embl 

banner


 
Бұқар жырау атындағы 
облыстық әдебиет және өнер музейі

logo

logo

 

 

Жаңалықтар

  • Әбу Насыр әл-Фараби 1150 жыл

         Орталық ғылыми кітапхананың сирек қорында сақталған әл-Фарабидің құнды мұралары.  

    Read More
  • Абай Құнанбайұлы - 175 жыл

      Виртуалды тақырыптық көрме (ВИДЕО)  

    Read More
  • Ел тарихындағы елеулі оқиғалар

    Ел тарихындағы елеулі оқиғалар        

    Read More
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37
  • 38
  • 39
  • 40