Тәуелсіздіктің алтын бесігі болған мыңжылдық тарихы бар әсем қала Алматы күнін тойлау бірнеше жылдан бері дәстүрлі мерекелеріміздің біріне айналды. Молшылық пен берекеге толы күз айында тойланатын Алматы қаласы бүгінгі күні мәдениет пен өркениеттің ордасы, ғылым және қаржы орталығы. Алатаудың етегіне орналасқан әсем қаланың ескерткіш мұралары, мұражайлары мен жоғары оқу орындары, саябақтары мен жасыл желекке оранған көшелері кез келген адам үшін мәңгі есте қалатын көрініс екені сөзсіз.
Мереке күні өтетін қызықты іс-шаралар да сан алуан. Атақты апорт алмасына арналған фестиваль, қазақтың ұлттық аспаптарының парады, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар, концерттер қаланың жарқын көріністерінің бірі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы