Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында орналасқан Алматы қаласының тарихы өте терең. Алматы тарихы бойынша жазба деректер көп, алайда деректерде ақпарат көлемі аз. Бұл деректер әр замандағы географтардың, тарихшылардың, саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі: Захириддин Бабур, Шарафаддин Йезди, Мұхаммед Хайдар Дулати, Вильгельм Рубрук сонымен қатар ортағасырлық қытай жазбалары және т.б. Деректерде қала Алматы, Алмату, Алимту, Алмалық деген атауларымен кездеседі. (История города Алматы.– Алматы, 2010.) 1854 жылы Верный қаласының негізі қаланды. 1921 жылғы 5 ақпанда Верный қаласын жергілікті жердің ескі атауы бойынша Алматы-"Яблоневое"деп қайта атау туралы шешім қабылданды.
Жетпіс жылға жуық мемлекетіміздің астанасы болған Алматының тарихы мәдени шежіреге бай. Қаламыздың тамаша сәулеттік ғимараттары, көркем галереялары, әсем театрлары, концерттік залдары, тұңғыш университет, Ғылым академиясы, Көк-төбе, Медеу мұз айдыны– барлығы да Алматының құрамдас бөлігі. Асқақ Алатаудың бөктеріндегі әсем табиғат аясында үйлесім тапқан осы құндылықтарды ардақ тұтатын халқымыз Алматыны мәдени астанамыз деп әспеттейді.
«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Верный қаласының Алматы (Алма-Ата) болып қайта аталғанына 100 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеден «Алматы тарихы» 1-2 том(қазақ, орыc тілдерінде), «Алматы» энциклопедиясы, сондай-ақ қала тарихының әр кезеңдерінен сыр шертетін басқа да әдебиеттермен таныса аласыздар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы