«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, танымал ғалым-ядерші Владимир Сергеевич Школьникке арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
- 1949ж. 17 ақпанда Мәскеу облысының Серпухово қаласында туылған.
- 1966ж. Серпухов қаласында орта мектепті бітірді.
- 1967-1973жж. Мәскеу инженерлік-физикалық институтының студенті.
- 1994-1996жж. Қазақстан Республикасы ғылым және жаңа технологиялар Министрі.
- 1996-1999жж. Ғылым Министрі – ҚР Ғылым Академиясының Президенті.
- 1999-2000жж. Қазақстан Республикасының индустрия және сауда, энергетика министрі.
- 2000-2002жж. Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары.
- 1998ж. «Парасат» орденімен марапатталды.
- 2005ж. «Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені берілді.
- 2008ж. «Астанаға 10 жыл» медалімен награтталды.
Көрмеге ғалымның өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері, мемлекеттік және қоғамдық – саяси қызметі, марапаттары туралы мәліметтер, еңбектері, халықаралық және республикалық конференцияларда, семинарларға және ғылыми мәжілістерге қатысуы, баяндамалары қойылды.