Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 1899 жылы 12 сәуірде Павлодар облысы Баянауыл ауданында көшпелі малшы отбасында дүниеге келген.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - көрнекті ғалым - геолог, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш президенті және ұйымдастырушысы, өте ірі қоғамдық және мемлекеттік қайраткер. Оны толғандырған мәселелер өте көп, атап айтқанда: Жезқазған кен орны, Жезқазған - Ұлытау ауданындағы пайдалы кен қазбалары, Қазақстанның минералдық ресурстары мен оны игеру, Қазақстан ғылымы. Қ.И.Сәтбаев өз өмірінің барлық кезеңінде ғылым мен өндіріске байланысты көкейтесті мәселелердің бәрін мерзімді басылымның барлық түрінде көтеріп отыруға дағдыланған.
Қ.И.Сәтбаев - аса ірі білімдар, қажымас қайратты, өзінің бүкіл өмірін жалғыз ғана мақсатқа - өз халқына, өз еліне қалтқысыз қызмет етуге арнаған адам, сондықтан да отандастары оған XX жүзжылдықтың аяғында заңды түрде "Ғасыр Адамы" деген атақ берді.
1963 ж. Елімізде геология ғылымын дамытуға қосқан зор еңбегі үшін, Қазақстан пайдалы қазбаларды ашқаны және зерттегені үшін Ленин орденімен марапатталды.
"Ғылым Ордасы" РМК Орталық ғылыми кітапханасы ғылым күніне орай "Ғылымның дамуы - еліміздің болашағы"атты кітап көрмесіне орайластырып Қазақ ғылымының негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың туған күніне орай "Ұлт пен дәуірдің ұлы тұлғасы" атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Қазақ ғылымының көрнекті қайраткерлерінің ғылыми еңбектері қойылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы